Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалында Мәжіліс депутаттары көп балалы аналар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларын қабылдады.
Жиынды партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров жүргізді. Өз кезегінде Мәжіліс төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен депутат, депутаттық фракция мүшесі Гүлнәр Ихсановалар қатысты. Мәжіліс төрағасының орынбасары Партия Төрағасының бастамасымен қабылданған «Бақытты отбасы» ұлттық жобасының отбасылық мәдениет пен құндылықтарды сақтай отырып, табысы төмен көпбалалы отбасыларына нақты қолдау көрсететіне тоқталды.
– Nur Otan партиясының ХІХ сьезінде Елбасы әлеуметтік саланы дамытудың кешенді үш бағытын белгіледі: тұрғындардың аз қамтылған топтарының табысын көтеру және қолдау; табысы аз азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу мәселесін шешу және білім мен денсаулық салаларын жақсарту; өңірлерді кешенді дамыту. Оның ішінде отбасы институтын нығайту мақсатындағы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көпбалалы аналардың қолдауына ие болды, – деді Гүлмира Исимбаева.
Қазір Алматыда «Бір терезе қағидаты» бойынша жұмыс істейтін республикадағы алғашқы Орталық нысаны ашылған. Ол 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы, оның үштен бір бөлігі, яғни 5 мыңы тұрмысы төмен отбасыға қызмет көрсетеді. Орталықта ең алдымен көпбалалы аналардың өздері жұмыс істейді. Бұдан өзге, мамырдан бастап алғашқы 200 отбасы жаңа пәтерлерін ала бастайды. Қазақстанның өзге өңірлерінде де осындай игі істер мол. Мұнда күн сайын 50-60 адам жәрдем сұрап келеді. Екі айдың ішінде 1086 көпбалалы отбасына көмек көрсетіліпті.
Алмалы аудандық көпбалалы аналар ұйымының кураторы Аяш Нұрымова, Түрксіб аудандық көпбалалы отбасылар Одағы төрайымының орынбасары Алма Кентауова, Медеу аудандық көпбалалы аналар ұйымының кураторы Аида Букаева осындай қамқорлық жасап отырған Елбасына көпбалалы аналар атынан ризашылықтарын білдіріп, депутаттарға осы мәселеге арналған ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.
Өз кезегінде Гүлмира Исимбаева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу барысында кері байланыстың түрлі арналарын іске қосу барысында Nur Otan партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстарды депутаттық назарға алатынын жеткізді.