Біртанов медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді
Біртанов медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді
© inform.kz
2,142
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы әріптестеріне ризашылығын білдірді. «Мен бүгін тәулік бойы жұмыста жүрген, қаңтар айынан бері демалыс көрмеген барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлерге, дәрігерлер мен медбикелерге, санитарлар мен медициналық ұйымдардың басшыларына, санитарлық қызметтегілерге, университеттер мен ғылыми орталықтардың жетекшілеріне үндеу тастағым келеді. Көбіңіздің қалжырап шаршағандарыңызды, эмоционалдық тұрғыда әбден қиналғандарыңызды түсінемін. Көбіңіз үйге барып, балаларыңызды құшақтай алмай отырсыздар. Үрейленіп те жүрсіздер. Араларыңызда жұқтырып алғандар да бар», - деп жазды Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында. Министр медициналық қызметкерлер қаншама қиналса да адамдарды құтқару үшін таңертең тұрып, жұмысқа баратынын еске салды. «Ақша немесе абырой үшін емес, жұмысыңыз сондай болғаннан кейін адамдардың өміріне араша түсіп жүрсіздер. Мен сіздермен мақтанамын!» - деді министр.