Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды
Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды
132
оқылды
351 мың қа­зақ­стан­­­дық Kaspi Gold арқылы 42 500 тең­ге жәр­дем­ақы алды. Тек соң­ғы 3 күн­де 200 мыңға жуық қа­зақ­с­тан­дық Kaspi.kz қо­сым­­ша­сын­да онлайн Kaspi Gold шотын ашты. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді: «Біз қазір Kaspi.kz -тің ең заманауи цифрлы технологиялары іс жүзінде мемлекетке халықты әлеуметтік қолдау бағдарламасын қысқа мерзімді жүзеге асыруға, ал қазақстандықтарға жәрдемақыны ыңғайлы әрі ең бастысы, үйден шықпастан қауіпсіз алуға көмектескенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 351 мың сүйікті клиентіміз Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алып үлгерді». «Kaspi Gold кезекті рет Kaspi.kz ұсынған ең сүйікті және танымал карта  мәртебесін тағы да растады. Тек соңғы 3 күнде 200  мыңға жуық қазақстандық біздің қосымшамыз ар­қылы онлайн Kaspi Gold шотын ашты» деп толықтырды Михаил Ломтадзе. 9 сәуір күні Михаил Ломтадзе қазақстан­дықтар бөлімшеге келместен, үйде отырып Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашуға мүмкіндік беретін жаңа, ерекше онлайн сервистің іске қосылғанын хабарлады. Шот нөмірін 42 500 теңге жәрдемақыны алу үшін пайдалана алады. Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін Kaspi банкоматтан ақша шешіп, кез келген  Kaspi Gold-қа ақша аударып, 5000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі дүкенде зат сатып алады және бонус алады. Карантин мен төтенше жағдай аяқталған соң Kaspi Gold пластикалық картасын Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесінде 1-ақ минутта алып, қаладағы дүкендерде карта арқылы зат сатып алуға болады.