Нұр-Сұлтанда бес полицей коронавирусқа тексеріліп жатыр, қазіргі уақытта олар карантинге жатқызылды.
"Полицейлер дәрігерлер сияқты қызмет етіп жатыр. Өкінішке қарай, біздің қызметкерлерге де қауіп төніп тұр. 17 қызметкер коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бес қызметкер карантинде жатыр. Зерттеу қорытындысы шыққанда диагноз белгілі болады", - деді Сәденов.