Биылғы жаздың ең үздік 10 трансфері (фото)
Биылғы жаздың ең үздік 10 трансфері (фото)
201
оқылды

Қазір ТОП-5 чемпионат маусымды бітіруге таяу

Еуропада футбол маусымы аяқталуға жақын. Қазір ТОП-5 чемпионат маусымды бітіруге таяу. Көбісінде чемпион анықталып та қойды. Испанияда – «Барселона», Италияда – «Ювентус», Францияда – «ПСЖ» мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған. Англияда текетірес әлі жалғасуда. «Тоттенхэм» мен «Манчестер Ситидің» бірі АПЛ чеммпионы атанады. Германияда да «Бавария» мен дортмундтық «Боруссияның» қайсының жеңері әлі анық емес.

Қазір еуропалық клубтар жазғы трансферлік терезені асыға күтуде. Осы орайда команда ауыстыруы мүмкін үздік 10 ойыншының тізімін ұсынамыз.

7f5ef090bc380b58056ae019c3dda6425c443db727ec4765259242.jpg

Эден Азар – «Реалға»
Азардың Мадридке ауысуы туралы ақпарат тарағанына біраз болған. Екі клубтың өзара келісім жасасқаны жайлы мәліметтер тарағанына қарамастан, әлі «Реал» да, Азар да ресми түрде нүктесін қоймады. Бірақ «Реалға» күшею керек-ақ. Оның үстіне Азар секілді тегеурінді, нәтижелі жартылай қорғаушы корольдік клубқа тек пайдасын ғана әкелмек. Қазіргі таңда Азардың «Реал» президенті Флорентино Перес пен бас бапкер Зинедин Зиданмен тікелей сөйлескені туралы ақпарат бар. Азар осы маусымда «Челси» сапында барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 16 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген.

5c92881275bf5_luka_yovich.jpeg

Лука Йович – «Реалға»
Қазірдің өзінде тараптар келісімге келген деген дерек бар. Жалпы трансфер құны – 60 миллион еуро. Оның 48 миллионы «Айнтрахт» клубына төленсе, 12 миллионы ойыншының бұрынғы клубы – «Бенфикаға» тиесілі. Алдын ала келісім бойынша Лука «Реалда» алты жыл доп тебуі тиіс.
Mariano-Dias-poluchil-myshechnuju-travmu-e1544168818900.jpg
Мариано Диас – «Айнтрахтқа»
Бұл ойыншыдан былтыр зор үміт күткен көп жанкүйер. Франция чемпионатындағы нәтижелі ойынынан кейін «Реалда» да бағы жанады деген сенім болған. Алайда Мариано негізгі шабуылшылармен бәсекелесе алмады. Енді ол Йович трансферінің аясында «Айнтрахтқа» аттануы мүмкін.

rabio.jpg

Адриен Рабьо «ПСЖ»-дан кетеді
Франция чемпионы сапындағы көзір ойыншылардың бірі биыл клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартты. Ол клубтан еркін агент ретінде кетпек. Бірақ нақты қай клубқа баратыны белгісіз. Біраз уақыт бұрын мадридтік «Реал» ойыншыны өз қатарына алғысы келеді деген ақпарат тараған. Алайда кейінірек корольдік клуб бұл жоспардан бас тартыпты. Қазіргі таңда жас футболшыны «Барселона» мен АПЛ мықтылары алуға дайын.

large (1).jpg

Санчес «МЮ»-мен қоштасады
АПЛ-дағы ең қымбат жалақы алатын футболшымен «қызылдар» тезірек қоштасуға құштар болып отыр. Ол «МЮ» сапында барлық турнирде 25 ойынға қатысып небәрі екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Соған қарамастан ойыншы аптасына 452 мың еуро табады.

donny-van-de-beek-2-640x360.jpg

Донни ван де Бек – «Реалға»
Биыл «Аякс» сапында жарқылдап көзге түскен жартылай қорғаушыға топ клубтар жаппай қызығып жатыр. Соның ішінде «Реал» өзгелердің алдын орап кетуі мүмкін. 22 жастағы голландиялық ойыншының сенімді ойын өрнегі корольдік клубтың қызығушылығын тудырған. Соның өзінде Перес ойыншы үшін 60 миллион еуродан артық ақша беруді жөн санамайды.

1509105347_2f3f1d96a8257529e6ec14a75eb51a48.jpg

Мауро Икарди – «Ювентуске»
Алдын ала қауесетке сүйенсек Икарди қазірдің өзінде «Ювентуспен» келісіп қойған. Биыл «Интер» сапында біраз дау-дамайға ұрынған капитан жазғы трансферде қалайда клубтан кетуді жөн көреді. Чемпиондар лигасының ширек финалындағы сәтсіздіктен кейін «Ювентус» те құрамын күшейтуді ойластырып отыр. Сондықтан Икардидің Туринге қоныс аударуы әбден мүмкін.

kristian_eriksen.jpg

Кристиан Эриксен – «Реалға»
«Тоттенхэмнің» негізгі қозғаушы күшіне айналған Эриксеннің трансфері туралы бұған дейін де талай айтылған. Алайда жартылай қорғаушы Лондоннан ешқайда кеткен жоқ. Енді осы жолы шынымен де өзге клубтың жейдесін киетін сияқты. Ойыншы үшін басты үміткер – тағы да «Реал». Егер трансфер жүзеге асқан жағдайда ойыншы Мадридте жылына 4 млн еуро табыс табады.

14802575221436724591.jpg

Эдинсон Кавани – «МЮ»-ге
«ПСЖ»-ның ең үздік шабуылшысына айналған Кавани енді ағылшын премьер лигасында доп тебуі мүмкін. Клубқа Килиан Мбаппе мен Неймардың келуі Каванидің жағдайын аз да болса қиындатқан сияқты. Бұл ретте «қызыл сойқандар» шабуылшы үшін 52 миллион фунтты санап беруге дайын. Қазір Сульшер баптайтын команданы дағдарыс жайлап тұрғаны жасырын емес. Норвег маманының ойынша Кавани командадағы шабуыл жүйесін күшейте алады.

2433181-50562390-2560-1440.jpg

Дибала – «МЮ»-ге
Ағылшын клубы 25 жастағы ойыншы үшін 85 миллион фунт ұсынып отыр. Алайда «Ювентус» басшылығы аргентиналық футболшы үшін 100 миллион еуродан артық қаражат ұсынылғанда ғана оны босатуға дайын. Сондай-ақ Дибаланы сатып алуға «Бавария» да үмітті көрінеді. Еске салсақ, Дибаланың туриндік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды. Биыл ол 27 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.