"Біз де өмір сүргіміз келеді". Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер үндеу жасады
"Біз де өмір сүргіміз келеді". Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер үндеу жасады
© elements.envato.com
Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған хат жарияланды, онда Президенттен Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлер жағдайына көңіл аударуды сұраған, - - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Хат Facebook желісінде 13 сәуірде жарияланған. Хат авторлары өзін Алматы қаласы Орталық клиникалық аурухана қызметкерлері деп таныстырады.
Қалалық бас санитар дәрігер Айзат Молдағасымова дәрігерлердің коронавирус жұқтырғанына олардың өздері кінәлі екенін айтқан еді. Қалалық бас санитар дәрігердің бұл сөзі аурухана қызметкерлерінің шамына тиген.
"Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының "себептердің бірі медициналық қызметкерлердің барлық сақтық шарасын сақтамауы" деген мәлімдемесі - жала жабу. COVID-19 қаупі және сақтық шараларын қабылдау қажет екені туралы медициналық қызметкерлерден артық кім біледі?", - делінген үндеуде. Хатта дәрігерлер белсенді түрде оқытылып, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша тренингтер өткізілгені, сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілгені айтылған. Олардың жазуынша, әр кезекшілікте маскалар 10 рет ауыстырылған, төтенше қызмет өкілдері қорғаныс костюмімен жұмыс істеген. Сонымен қатар, үндеу авторлары коронавирус пандемиясының бүкіл әлемде өршіп тұрғанын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын сақтамау туралы қалай айтуға болатынын түсінбейді. "13 наурыздан бастап Алматыдағы барлық емханаға карантин енгізілгенін айтқым келеді, алайда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жағдай келесідей болды: тек маска киіп жүрген күндер болды. Бізде көзілдіріктер, арнайы костюмдер, аяқ киімдер болмады. Қашан екені белгісіз, бірақ олардың алтынатыны ғана айтылды", - деді ол. Видео авторы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізілуін сұрады. "Бір-біріміз үшін, отбасымыз үшін уайымдаймыз. Біз де адамбыз, біз де өмір сүргіміз келеді. Осы ауруды өзіміз тарататын адам болғымыз келмейді. Бұл аурумен күресіп жатырмыз. Бұл жазба - жан айқайы. Тиісті тексеру жүргізілсін", - деп түйіндеді ол. Соңғы мәліметтер бойынша, Орталық клиникалық ауруханада 147 дәрігер коронавирус жұқтырған. Оның Алматыда 116-сы соңғы бір тәулікте белгілі болды.