53 адам коронавирус індетінен емделіп шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 46 адам, Атырау облысында - 7 адам, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 203-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 110, Алматы қаласы – 58, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 2, Алматы облысы – 5, Атырау облысы – 12, Ақмола облысында – 4, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.