Отан үшін отқа түскен Қабыш Көктаев
Отан үшін отқа түскен Қабыш Көктаев
© Сурет интернеттен алынды
162
оқылды
Қабыш Көктаев 1922 жылы дүниеге келген. Гвардия лейтенанты кейін 280 атқыштар Қызыл Ту орденді Коростеньдік Суворов дивизиясының 1033 атқыштар полкінің 5 атқыштар ротасының командирі болды. Әскерге Павлодар облысының Ертіс ауданынан шақырылған. [caption id="attachment_35617" align="alignleft" width="284"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

1944 жылы 9 тамызда Висла өзенін ойдағыдай кесіп өткеніне орай ол Батыр атағына ұсынылған. Ұрыс даласында жазбаларға қарап, Қабыш Көктаев өз ротасымен бірге Висла өзенінің батыс жағасына бірінші болып өткенін көрсетеді.

Жаудың қайта шабуылында тойтарыс беріп, неміс әскерінің 100-ге жуық жауынгері мен офицерін жойып салды. Сөйтіп, Висла өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды басып алды. Сол ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. [caption id="attachment_35619" align="alignright" width="514"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Одер өзенінен өткен батылдығы үшін 1945 жылы 4 ақпанда екінші рет Батыр атағына ұсынылды.  Сол соғыста Жолдас Көктаев өзенге баратын жолды алдын-ала барлап алған. Сөйтіп, жеке құрамды 1945 жылдың 27 қаңтарынан 28 қаңтарына қараған түніне іс-қимыл міндеттерімен таныстырып, бірден алып шығады. Қарсыластың теміржол көпіріне бағыттап жүргізген зеңбіректі-пулеметті оғына қарамастан, екі станокты пулеметпен олар өзеннің сол жағалауына өтіп, орнығады.
Сонда Қабыш Көктаев жауынгерлік гранаталармен жаудың екі ату нүктесін жойып, жаяу әскердің ротаға жуығын жойып салады. Оның өзінде ол батальонның негізгі күші өзеннен өтуін күтпестен, бірден ротасын шабуылға алып шыққан. Бір күнде плацдармды жаудың ішкі жағына қарай 4 километр тереңдікке және майдан бойында 2 км-ге дейін кеңейтіп алған. Сөйтіп, үш жеңіл автокөлік, 5 жүк көлігі және 10 неміс жауынгері қолға  түсірді. Бірақ бұл ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
  1945 жылдың 20 сәуірінде Польшада қаза болды.