Алматыда соңғы екі ай ішінде Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 24 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі7 Наурыз айының соңында Жамбыл облысында, Алматы мен Шымкентте Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция өткізілді. Оның аясында қауіпсіздік күштері 25 адамды ұстады, олардың жетеуі бұрын сотталған. Олар Алматыға жеткізілді. Бүгін - 14 сәуірде күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Сот 24 адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлімі, яғни "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" бойынша екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген хабарламада.7 ақпанда сағат 19.00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылының шетіне 70-ке жуық агрессивті адамдар жиналып, топтық төбелестің басталуына түрткі болған. Қақтығысқа 300-ге жуық адам қатысты. Төтенше оқиға салдарынан 185 азамат зардап шекті, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметтік комиссия құруға, Жамбыл облысы бойынша полицияның бас офицерін, облыс әкімінің орынбасары, Қордай ауданының әкімін қызметінен босатуға бұйрық берді. Кейін Жамбыл облысының әкімі қызметінен алынды.