Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды
Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды
261
оқылды

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы turkystan.kz порталы хабарлады.

Ғ. Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.