Қызылорда облысында жаңадан тіркелген науқастардың екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары
Қызылорда облысында жаңадан тіркелген науқастардың екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары
© Сурет ғаламтордан
139
оқылды
Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді (14.04.2020 жылғы 23:20-дағы мәлімет бойынша), – деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Ауру жұқтырған адамдардың біреуі 67 жастағы әйел адам, енді біреуі 26 жастағы ер адам. Екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. 14.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 121 дерегі тіркелді: оның ішінде емделіп шыққандар саны-2, ем қабылдап жатқандар саны-119.