Әлемде CОVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары өсімінің қысқаруына қарамастан, ДДҰ әлем елдерінің коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жетпегенін мәлімдейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Еуропаның кейбір елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары азайып келе жатқанына қарамастан, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырудың шарықтау шыңына жеттік деп айтуға әлі де ерте деп есептейді. «Коронавирусты жұқтырғандардың 90%-ы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Сондықтан біз әлі вирусты жұқтырудың шыңын байқап отырған жоқпыз», — деді ДДҰ спикері Маргарет Харрис. Мәселен, қазіргі уақытта коронавирус таралып бастаған Қытайда инфекцияның сырттан әкеліну жағдайлары үлкен қауіп төндіріп тұр. Әлемде коронавирусты 1,93 млн адамның жұқтырғаны тіркелген. 120 мыңнан астам адам вирустың кесірінен қайтыс болды.