Елордада азық-түлік бағасын қымбаттатқан дүкеншілер жазаланды
Елордада азық-түлік бағасын қымбаттатқан дүкеншілер жазаланды
© Сурет ғаламтордан
2,231
оқылды

Олар кейбір бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасын 60 теңгеден аса қымбаттатқан, – деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Прокуратура, әкімдік және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған шұғыл топтар барлық сауда нысандарын күнделікті аралауда. Мақсат – дүкендер мен супермаркеттердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын сақатауын қадағалау. Осылайша, кезекті тексеріс кезінде екі супермаркетте 03.04.2020 жылғы №23 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы" бірлескен бұйрығының ережелері бұзылып, бағаның қымбаттауы анықталды. Атап айтқанда, шекті бағасы 197 теңгеден аспауы тиіс 1-ші сортты ұнның килограмы 230 теңгеден сатылған. Ал шекті бағасы 307 теңгелік күріш – 1 кг үшін 371 теңгеден, шекті бағасы 481 теңгелік күнбағыс майы – 505 теңгеден сатылған. Алматы ауданы әкімдігімен ұсынылған деректер негізінде 14 сәуір күні сауда субъектілеріне қатысты ҚР ӘҚБК 202 бабының 1 бөліміне сәйкес, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінің артуы" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. 100 АЕК немесе 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.