15 сәуірде Қазақстанда шаңды дауыл, тұман және жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады, Ақтауда шаңды дауыл күндіз болуы ықтимал. 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтілуде. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. 15-16 сәуірде елдің бірқатар аумағына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.