Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қай­раткері, даңқты бап­кер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне бай­ла­ныс­ты оның отбасына жә­не жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жол­дады. Бұл жөнінде Мем­лекет басшысының бас­пасөз хатшысы Бе­рік Уәли әлеуметтік же­лі­лер­де жазды. «Бекет Сапабекұлы ұзақ жыл­дар бойы елімізде спорт са­ласын өркендету жолында есе­лі еңбек етіп, құрметке бө­ленген еді. Әсіресе, қазақ спор­тын жоғары деңгейге кө­терген білікті бапкер ре­тін­де есімі ел тарихында қа­ла­тыны анық. Салмақты да сабырлы мі­незімен өз ортасына сый­лы болды. Марқұмның жа­ны жәннатта, иманы са­ла­мат болсын» делінген же­дел­­хатта. Соңында Мемлекет бас­шысы оның есімі мен жар­қын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталаты­ны­на сенім білдірді» делін­ген Президенттің баспасөз хат­шысының  Facebook-та­ғы парақшасында.