Блок-бекеттерге мониторинг жүргізілді
Блок-бекеттерге мониторинг жүргізілді
181
оқылды
Nur Otan партиясы республикалық деңгейде коронавирусқа қарсы күресті күшейту іс-шараларын жалғастыруда. Елдегі тө­­­тенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының Сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы арнайы мо­ниторинг тобы Nur Otan партиясының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы 9 блок-бекеттің түнгі жұмысына мониторинг жүргізді. Аталған жұмыс сыбайлас жем­қор­лық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың ты­­­­ныс-тіршілігін қамтамасыз ету­ге ба­ғытталған транзиттік жүк та­сы­­малдарын жүзеге асыру кезіндегі әкім­­шілік кедергілерді болдырмау жә­не блок-бекеттердің түнгі қыз­ме­тін қарау мақсатында ұйымдас­тырылды.    width= Іс-шара барысында Орал қала­сы­ның №6 блок-бекетінде жарық жүр­гізілмегені анықталды. Бұл кеш­құрым блок-бекеттен өтетін аза­маттарға қолайсыздық ту­ды­ра­тыны белгілі. Төтенше жағдай ке­­­зінде ережелердің сақталуын ба­қылауды күшейту мақсатында әкімдікке барлық блок-бекетті об­лыс әкімдігі штабы мен ПД ЖБО тікелей эфирі арқылы бай­ла­ныс­тырылған бейнебақылау камера­ларын жабдықтау туралы ұсыныс жа­салды. Айта кетейік, мониторинг жүр­гізу шаралары алдағы күндері жо­ғары­да аталған жұмыс тобының мү­ше­лерімен бірге жалғасын та­бады.  

Әбілмансұр ЖАСАН