Nur Otan партиясы республикалық деңгейде коронавирусқа қарсы күресті күшейту іс-шараларын жалғастыруда. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы арнайы мониторинг тобы Nur Otan партиясының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы 9 блок-бекеттің түнгі жұмысына мониторинг жүргізді.
Аталған жұмыс сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау және блок-бекеттердің түнгі қызметін қарау мақсатында ұйымдастырылды.
Әбілмансұр ЖАСАН