Қай кәсіпорын қайта жұмыс бастайды?
Қай кәсіпорын қайта жұмыс бастайды?
20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы­да өнер­кәсіп және құрылыс кә­сіп­­орындарының жұмысы жан­да­натын болды. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Ма­мин­нің төрағалығымен Қазақ­стан Президенті жанындағы Тө­тенше жағдай режимін қам­­тама­сыз ету жөніндегі мем­ле­кет­тік комиссияның кезекті оты­рысында айтылды. Мемлекеттік комис­сия Ден­сау­лық сақтау министр­лі­гі­нің ұстанымын ескере отырып, әкім­­­дердің ұсыныстары негі­зін­­де қатаң санитарлық-эпиде­мио­логиялық шараларды сақтау­мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъек­­тілерінің жұмысын кезең-ке­зеңмен қалпына келтіру тура­лы шешім қабылдады. Бірінші кезең аясында биыл­­ғы 20 сәуірден бастап өнер­­­кәсіп және құрылыс кәсіп­орны­ның, сон­дай-ақ қызмет кө­рсету сала­сының белгілі бір сек­тор­ла­­рының жұмысы қалпына кел­­ті­ріледі. Үкімет басшысы жұмы­сын қал­пына келтіретін ны­сан­­дарда санитарлық-эпидемио­ло­­­гиялық қауіпсіздіктің қам­та­­масыз етілуіне, сон­дай-ақ қыз­меткердің жұмыс орын­да­рын­да әлеумет­тік арақа­шық­тық­ты сақтауы­на қа­таң бақылау жасауды тап­сыр­ды. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар байланыс желіле­рі мен интернет жұмысын қамта­ма­сыз ету, мұнай өнімдерінің экспортын реттеу және басқа да мәселелерді қарастырды. Бірінші кезеңде жұмысы жан­данатын кәсіпорындар нақ­ты­ланғанымен, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы тізім­ді Мемлекеттік комиссия бү­гін бекітеді. Бұл туралы Ақ­па­рат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев телеарна ар­қы­лы өткен онлайн брифинг бары­сын­да айтты. Министр Нұр-Сұлтан қа­ла­­сының әкімі 20 сәуірден бас­тап тиісті сектордағы кә­сіп­­­орындардың жұмысын жал­ғас­­тыруды ұсынғанын атап өтті. «Бі­ріншіден, өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, екіншіден, құрылыс саласын­дағы кәсіпорындар, үшіншіден, қыстан кейін жол жөндейтін асфаль-бетон зауыттары қам­­тыл­мақ.Төртіншіден, зейнет­а­қы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер, яғни олар сағат 16.00-ге дейін қыс­қа жұмыс кестесімен жұ­мыс істейді.Бесіншіден, жеке қосалқы қызмет көрсету секто­ры­ның кейбір ұйымдары ес­ке­­рілген. Осы орайда, хи­мия­­лық тазалау және кір жуа­­тын орындар, дөңгелек жөн­деу, арнайы техникаларды жөн­деу, көлік жуу стансалары қа­рас­тырылған. Бұдан бөлек, қоғам­дық орнынан тамақ жеткізу мүм­кіндігін түнгі сағат 22.00-ге дейін ұзарту ұсынылады. Осылайша, барлық аталған кәсіпорындар бойынша 100 мың­ға жуық объект жұмысын жал­ғастырады. Бұл – Нұр-Сұл­тан қа­­ласындағы жұмыс істейтін ха­­лықтың шамамен 20 пайызы», – деді министр.Сонымен қа­тар Ал­матыда 128 мың адам жұмы­сын жалғастыратыны айтылды. Ал елорданың төтенше жағ­дай режимін қамтамасыз ету жө­ніндегі қалалық штабы мә­лім­­деуінше, студенттер, мек­теп, балабақша оқушыларын қа­шықтан оқытуға қатысты ка­рантинді сақтау өз күшінде қа­лады. Бұрынғыдай үйден азық-түлік, дәрі-дәрмек, меди­ци­налық қызмет пен жұмысқа бару үшін ғана шығуға болады. Адам көп жиналатын орындар – кинотеатр, сауда ойын-сауық орталығы, клуб, мейрамхана, дәм­­ханалар (онлайн тапсырыс­тан басқа) жабық қала береді. Тө­тенше жағдай уақытында қоғамдық көлік жүрмейді.  

Әділ БЕК