Тыйым салудың орнына квота енгізу қажет – Мақсұт Бақтыбаев
Тыйым салудың орнына квота енгізу қажет – Мақсұт Бақтыбаев
166
оқылды
Коронавирус көктемгі дала жұмыстарына кедергі келтірмеуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауылдағы фермерлерге бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінетін болды. Оған қосымша, үкімет көктемгі дала жұмыстарына деп «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 100 млрд теңге қарастырды. Дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекет бөлген қаражат пен арзан дизель отыны диқан қауымға уақытында жете ме? Қырдағы шаруаның тағы қандай шешілмеген мәселесі бар? Осы және өзге де тақырыптағы сауалдарымызды «Қазақстанның Ет одағы» бірлестігінің бас директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қойған едік. – Мақсұт Бақытжанұлы, елі­міз­­де көктемгі егіс науқаны баста­лып кетті. Үкімет фермерлер­ге дизель отынын нарықтық құны­нан 15% төмен бағамен беруге шешім қа­­был­дады. Бұл көмекті жет­кізу­­дің механизмі жасалған ба? Зауыт­­тан шыққан өнім шаруа­ның қолына жеткенше уақыт жа­ғынан және басқа да қосымша шығынд­арды қосқанда тиімділігі қаншалықты? – Бізге жеткен ақпараттарға сүйенсек, операторлар бұдан бұрын жоғары бағамен орна­тыл­ған шарттар бойынша баға­ны Президент тапсырмасына қарамай, түсіруден бас тартып отыр. Ал кейбір аймақтарда жағ­дай мүлдем басқаша. Мы­са­лы, Ақтөбе облысында бәсе­ке­лестіктің арқасында және фер­мерлер мен «Атамекен» ай­мақтық палатасының оператор­ларды таңдау барысына араласу әрекетінен кейін дизель отыны бағасы 165 теңгеге дейін төмен­де­тілген. Бұл ретте айтарымыз, әкім­діктердің арзандатылған ди­зель отынын сату жөніндегі опе­ра­тор­ларды таңдау және бекіту тетігі моральдық жағынан ескір­ген. Бәсекелестік алаңның бол­мауы отын сапасының төмен­де­уіне әсер етеді және бұл ауыл шаруашылығы техникасы мен жаб­дықтарына қызмет көр­сету мерзімі жағынан әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда сапа­сыз дизель отыны лизингке алын­ған техниканы істен шыға­руы мүмкін. Сондықтан опера­тор­лар­ды анықтау тетігін алып тас­тау қажет деп санаймыз. Жалпы, өнімнің өзіндік құ­нын орташа алғанда 10%-ға төмендету үшін аграршыларға арналған дизель отынының құ­нын 50%-ға төмендету қажет. Қазіргі төтенше жағдайда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін отынды белгіленген құны­мен 1 тоннасына 100 мың теңге­мен жіберуді ұсынамыз. Осылайша дизель отынын жеткізушілер арасында бәсе­келес­тікті дамыту қажет. Нәти­жесінде, бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін түпкі баға­ның төмендеуіне әсер етеді. – Ондай бәсекелестікті жа­сау­дың жолы қандай? – Оның жолы оңай. Мы­салы үшін жыл сайын АӨК субъек­тілері 200 млрд теңгеге жуық со­маға 1 млн тоннадан астам ди­зель отынын пайдаланады екен. Десек те, сұраныстың мұн­­дай көлемі отандық мұнай өң­деу зауыттары өндіретін ди­зель отынының жалпы көле­мінің 25%-нан аспайды. Яғни, бә­секелестік тудыруға бо­ла­ды ғой. Оны реттейтін тетік­тер­ді іске қосса болғаны. Мем­ле­кет басшысы нарықтық ба­ға­дан 15% жеңілдікпен боса­ты­латын дизель отынын жет­кі­зуді Бас про­куратураның ба­қылауға алуын тапсырды. Қа­зіргі IT тех­но­логиялар ауыл ша­руа­шылығы кәсіп­орындары се­кіл­ді соңғы тұты­нушыларға дейін дизель оты­нын бақылауға мүмкіндік бе­ре­ді. – Көктемгі дала жұмыстарына бай­ланысты егін және мал шаруа­шылығына дизель отынынан басқа да қажеттіліктер бар. Олардың ішінде ең негізгісі деп қайсысын айтар едіңіз? – Қазір карантиндік шектеу­лер­ге байланысты қажетті им­порт­тық компоненттерді (тұ­қым­дар, пестицидтер, қосалқы бөл­шектер және т.б.) шекара арқылы жеткізуде қиындық бай­қалуда. Бізге белгілі болған­дай, отандық минералды тыңайт­қыштар өндірушілері тауарды 100% алдын ала төлемсіз жібер­мейді, оны керек мекенге алып келуге жұмсалатын уақытты есепке алғанда егіс жұмыстарына, астық өнімділігіне теріс ықпалы бар, сондықтан тауардың өзіндік құнына, фермердің жалпы ақшалай түсіміне әсер етеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету және егіс науқаны кезінде қосал­қы бөлшектерді жеткізу бойынша сервистік қызметтің карантиніне байланысты ел ішінде жүріп-тұру бойынша қиындықтар бар. Біз салалық қауым­дастықтар атынан бұл проб­лемаларды Ауыл шаруашы­лығы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-на бағыттап, бүкіл елдегі бекеттерден кедергі­сіз өтуін бақылауға алуды сұра­дық. Біздің ұсынысымыз бойынша Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тікелей ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан форвардтық сатып алу мәселесін пысықтауды бастады. Өнім өндірушілер қаражатқа аса мұқтаж болған сәтте (көктем және күз мезгілі) тауарын сатып ала отырып, олардың сату бағасын (өзіндік құны + тіркелген рентабельділік) тіркеуге болады. Бұл шын мәнінде пайызсыз несие болғандықтан, баға 5-10%-ға төмен болады. Бұдан әрі бағалардың маусымдық өсуі кезеңінде Әкімшілік өндіру­шілерді тауар жеткізуге міндеттей отырып, азық-түлік бағасы инфля­циясын тежеп отырады. Әкімшілік жағы­нан өнімді форвардтық сатып алу түріндегі шаралар, алыпсатарлардың кесірінен болатын бағалардың маусымдық өсуі кезеңінде бел­гіленген баға бойынша қала­лар­ға жеткізуді қамтамасыз етеді.  

«Саланы қаржыландыру көлемін қажетті көлемнен 50%-ға дейін, нақтырақ айтсақ 250 млрд теңгеге дейін ұл­ғай­ту қа­жет. Астық жинау науқанына керек қара­жат есе­бімен қосқанда – 400 млрд теңгеге дейін. Ауыл шаруашы­лығы кәсіпорындары көктемгі және күзгі кезеңдерде ақша қаражатына аса мұқтаж. Сондықтан біз мамыр айына дейін төлеуге жоспарланған барлық субсидияларды беруді сұраймыз. Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс егу және егін жинау жұмыстарында қажетті компоненттерді алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді, сол арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді».

  Аталған мәселелер жедел мерзімде пысықталып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алдағы күндері нәтижелерін көре­ді деп үміттенеміз. – Президент агроөнеркәсіп саласындағы шаруашылықтарға 70 млрд теңге бөлінетінін айтты. Деген­мен фермерлер мемлекеттен бері­летін көмек қаражаттың дер кезінде жетпейтінін жиі айта­ды. Жалпы, агроөнеркәсіпті қар­жыландыру жүйесіне қандай өз­герістер жасалуы тиіс деп ойлай­сыз? – Иә, қаржыландыру, дәлі­рек айтқанда қаражаттың жап­пай тапшылығы – біздің АӨК саласы үшін негізгі сын-қатер.Саланы қаржыландыру көлемін қажетті көлемнен 50%-ға дейін, нақтырақ айтсақ 250 млрд тең­геге дейін ұлғайту қажет. Ас­тық жинау науқанына керек қара­жат есебімен қосқанда, 400 млрд тең­геге дейін. Ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дары көктемгі және күзгі кезең­дерде қаражатқа аса мұқ­таж.Сондықтан біз мамыр айына дейін төлеуге жоспарланған барлық субсидияларды беру­ді сұраймыз. Бұл ауыл шаруашы­лығы кәсіпорындарына егіс егу және егін жинау жұмыстарында қажетті компоненттерді алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді, сол арқылы елдің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Ал мал шаруашылығына келсек, жыл аяғына дейін бері­луге тиіс ақша көлемінің 70%-на жуығын мамыр айына дейін, өтінім берілген көлемнің өндірісі кепілдігімен төлеуге болады. Бұл малшыларға жем-шөпті алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді. – Үкімет азық-түлік бағасын ұс­тап тұру үшін әлеуметтік ма­ңы­зы бар өнімдердің 9 түрін ай­рық­ша бақылауға алды. Бұл – тө­тенше жағдай аяқталғанша, яғни пандемияның беті қайтқанша жасалған қадамдар. Десе де, аграр­лы әлеуеті бар мемлекет бола тұра, азық-түлік құны жыл сайын өсуде. Бағаны тұрақтандыруда агро­бизнес пен тұтынушы зиян шекпеуі үшін нарықты реттеудің қандай да бір жолы бар ма? – Дайын өнімнің құны неден қалыптасатынын түсіну үшін, мал шаруашылығы саласына мысал келтірейін. Мәселен, тө­мен­дегі сандарға назар ауда­райық: – 15-тен 40%-ға дейін. Бұл– делдалдар мен бөліп сатушылар үлесі. Оның ішінде логистика, сақтау, сауда орындарын жалға алу шығындары; – 5-тен 10%-ға дейін. Бұл– айналым қаражаты бойынша сыйақы төлеу; – 40-тан 60%-ға дейін – жем-шөп құны (мал шаруашы­лы­ғында); – 10-нан 25%-ға дейін. ЖЖМ (дизель отыны) құны, жемді қос­қан­да. Осылайша, мен жоғарыда атап өткен шаралар (АӨК-нің қаржыландыруды арттыру, фор­вардтық сатып алулар, ЖЖМ бағасын төмендету) фер­мерлер­ге өнімнің өзіндік құнын төмен­детуге көмектеседі. Сон­дай-ақ біз қалаларда қолда­ныстағы көтерме базарлар мен супермаркеттерден басқа баламалы фермерлік ба­зар­лар жәрмеңкелерін құруды ұсы­намыз. Фермер өз жағынан тек өнімді жеткізу мен сату орнын жалдау шығындарын төлейді. Сонымен қатар төтенше жағ­дай кезінде енгізілген Үкі­меттің кейбір шектеу шарала­ры аграрлықтар арасында аса танымал емес. Бірінші кезекте, бұл – өнімнің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салу. – Айтпақшы, ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің экспортына тыйым салынған сайын қауым­дастықтар мен бірлестіктер оған қарсы шығып, уәждерін келті­ріп жатады. Жыл басында ет экс­портына шектеу қойылған кезде де сіздердің бірлестік онымен келіс­пейтінін білдірді… – Мен сізге мынаны айтайын. Елімізде «тұтынушы дорбасы» дейміз ғой, күнделікті ішіп-жемге керек азық-түлік өнімдерінің көпшілігі Қазақстанда жеткілік­ті мөлшерде өндіріледі, олар бойынша нарық 95%-ға қам­тамасыз етілген. АӨК өнімдерін экспорттауға тыйым сала оты­­рып, Үкімет шаруа кәсіп­орын­дарын экспорттан түсетін валю­талық пайдадан айырады және сол арқылы ауыл­дық жер­лерде жаппай жұмыспен қамтуға соққы жасайды. Енді ішкі өндіріс көлемі туралы айтайын. Неге біздің астық шаруашылығы саласының өкілдері, диқан қауымы экспорт­тық шектеуге келіспейді? Өйт­кені Қазақстан астық дақылдары экспортынан үлкен әлеуетке ие. Былтыр егіннің түсімі аз бол­ғанның өзінде арпа мен би­дай, ұн сатып, бюджетке қар­жы түсірді. Статистикаға сүйен­­сек, қазіргі күні 6 млн тон­на­­дан артық азықтық бидай сақтаулы тұр. Яғни, күзгі жиын-терімге дейін артығымен өнім бар. Ал ет өндірісіне келсек, ішкі қажеттілікті толық жабуға қол жеткіздік. Әрине, импорт бар, бірақ аз көлемде. Жалпы, әлем­де сырттан ет сатып ал­май­­тын мемлекет жоқ. Ол – на­рықтағы балансты ұстаудың жолы. Әсіресе, өңделген өнім, консервіленген тауарды дайын­дауда отандық өнім үлесін көбей­те түсу қажет. Дегенмен артық өнімді өзімізде ұзақ сақтай ал­май­мыз, сапасына, бағасына әсер етеді.    width= Демек, экспортқа тыйым салу құралының орнына квота­лау тетігін енгізу қажет, ол ішкі нарықтың қауіпсіздігін қам­та­масыз етеді және қиындықсыз артық өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Үкімет біздің сөзімізге құлақ түріп, жақын арада квота­лау жүйесін енгізеді деп үміт­тенеміз. – Жақында «Қазақстанның Ет одағы» ұйымы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 10 жылдық бағдарламасын жасауды ұсынған болатын. Сіздер ұсынған жобадағы кезек күттірмей қолға алынуы тиіс басты жұмыстар қандай? – Бірінші кезекте бізге АӨК саласында тұрақтылық қажет. АӨК даму бағытының тұрақ­тылығына сенімділік болған кезде фермерлер мен шаруа қо­жа­лықтары агробизнесті дамыту бойынша ұзақмерзімді жос­пар­ларды құра алады. Сондай-ақ бұл 1,5-2 жыл бойы қандай да бір елге инвес­тициялау туралы шешім қабыл­дайтын шетелдік инвесторлар алдында тиімді. Ал біздің елі­мізде жыл сайын ауыл ша­руа­шылығындағы ережелер мен нормалар өзгеріп, қайта жазы­луда. Тіпті, біз, салалық қауым­д­астықтар, кейде осындай өз­ге­рістерді талқылаудан тыс қа­ламыз. Сондықтан біздің Үкімет салалық қауымдастықтармен бірлесе отырып, АӨК дамытудың 10 жылдық бағдарламасын әзір­леп, заң ретінде қабылдау сұрағын созбауға шақырамыз. Екінші маңызды шара – жер қатынастарын реттеу: ауыл шаруашылығы жерлерін алуға қолжетімділікті оңайлату, пайдаланылмайтын жерлерді қайтару тиімділігін арттыру, жерді жалға алу құқығы нарығын іске қосу, жерді қосалқы жалға беруге тыйым салу. Осының бәрін IT технологиялар арқылы жасауға болады. Әкімдіктер ауыл шаруа­шылығы жерлерінің алқабын дербес әзірлеп, кейіннен авто­мат­тандырылған механизм арқылы беруі тиіс. Мұны жүйе­лі түрде жоспарлау қажет, инфра­құрылымды, жолдарды көздей отырып, тірек ауылдарды дамыта отырып. Үшіншіден, тірек ауылдарды қаржыландыру көлемін, инфра­құрылымға инвестициялар мөл­шерін ұлғайта отырып, әрбір тұрғынға тұратын жеріне (ауыл/қала) қарамастан, бюджет шы­ғын­дарының нормативтерін теңес­тіру қажет. «Ауыл – ел бе­сігі» бағдарламасына осы тірек ауыл­дар үшін жұмыс орындарын құра­тын, бизнестің ауылдық инфра­құрылымға жұмсаған шы­ғындарын өтеуді көздейтін толықтырулар енгізуге болады. Бұл қаражатты неғұрлым тиімді бөлуге, жобаларды іске асыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. – Қазақстан астық дақылдары экспорты жөнінен алдыңғы ондық­қа кіретін мемлекет. Біздің бидай мен ұн негізінен Орталық Азияда, Иран мен Қытайда сұранысқа ие. Кейінгі жылдары ет экспортынан да үлкен қадамдар жасалып, сиыр еті экспортының көлемі артты. Ет экспортын әртараптандыруда еліміздің мүмкіндігі қандай? – Иә, соңғы жылдары сиыр еті мен қой етінің экспорты өсті. Бұл ең алдымен, 2018 жыл­дан басталғанетті мал шаруа­шы­лы­ғын дамыту ұлттық бағ­дар­ла­масы тиім­ділігінің көр­сет­кіші. Біз бұл көр­сет­кіш­терді тек қана артты­руға ниеттіміз. Сондай-ақ экспорттық мал шаруашылығын дамытудың басқа да жолдарын көріп отыр­мыз. Ол – шошқа еті. Қытай №1 шошқа етін импорттаушы болып саналады және оны тұтыну жыл сайын ұлғаяды. Қазақстан қазір­­дің өзінде Қытайға шошқа етін экспорттауға рұқсат алды және біздің шошқа шаруа­шылығы өнімдерін өндіру мен экспорттаудың жақсы деңгейіне шығуға барлық мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы, жаһандық инвесторларды қысқа мерзімде тарту және мемлекеттік қолдау шараларын алдын ала пысықтау. Инвесторларға салықтар мен субсидиялар бойынша ешқандай жеңілдіктер керек емес.Оның орнына инвесторларға ұсынатын дайын инфрақұрылымы бар жобаны іске асыру үшін дайын алаңдарды бөлуді және өткізу кепілдігін, ветеринариялық тәуекелдердің жоғын, шикізаттың болуын, логистиканы және т.б. қарастыратын кәсіби әзірленген бағдарламаны қарастыру қажет. Мұның бәрі қаржылық жеңілдік­терден де жақсырақ болады. Сонымен қатар экспортқа бағытталған шошқа еті өнді­рі­сін дамыту ауылдық кәсіп­орын­дар мен тұрғындар үшін валю­талық түсім әкеледі және ел тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтір­мей­ді. – Тағы да азық-түлік бағасына оралсақ. Қазақстан – екі үлкен мемлекет Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқан ел. Оңтүс­ті­гіміздегі бауырлас елдердің демо­гра­фиялық өсімі де жақсарып келеді. Яғни, ауыл шаруашылығы өніміне үлкен нарық, сауда алаңын алыстан іздеудің аса қажеті жоқ. Сырттан сұраныс артқан сайын отандық тауардың бағасы қым­бат­тайтыны белгілі. Дегенмен өзіміздің тұтынушылардың мүд­десін де ескеруіміз керек. Кейбір мемлекеттерде әлеуметтік карточ­калар жасалады. Яғни, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топқа жеңілдік жасау. Ішкі, сыртқа нарықты есептегенде, азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан қандай механизмдер жасалуы керек? – Иә, дұрыс. Біздің бірлестік Мемлекет басшысының атына жолдаған ұжымдық хатта да ха­лықтың осал топтары үшін азық-түлік тауарларына, көлік және денсаулық сақтау қызмет­теріне әлеуметтік карталар ен­гізу­ді ұсындық. Яғни, барлық өнімнің баға­сын субсидиялауға және бақы­лауға тырысудың қажеті жоқ. Бұл бюджет үшін қымбат және кәсіпкерлерге зиян келті­реді. Оған қарағанда нақты мұқтаж адамдарға көмек беру арзанырақ. Бұл тәжірибе 50 жылдан астам уақыт бойы АҚШ-та кеңінен қолданылады. Біз отандық ауыл шаруашы­лығы тауарын өндірушілер ретінде ішкі азық-түлік қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету қажет еке­нін түсінеміз. Бірақ жыл сайын біз өндірісті дамытуға және ар­тық өнімді экспортқа сату­ға ұм­тыламыз.Бұл ауыл шаруа­шы­лығы үшін тиімді. Экс­порт­тан түскен валюталық түсім­ді гене­рациялау есебінен біз ел ішін­дегі өз өнімдерімізге бағаны тө­мен­дете аламыз. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Бауыржан БАЗАР