Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың басшысы міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев тағайындалды. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылды. Медициналық ұйым басшысының міндетін бүгінгі таңда Марат Абдуллаев атқарып жатыр. Айта кетер болсақ, аталмыш ауруханада медицина қызметкерлері жаппай коронавирусқа шалдыққан. Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов дәрігерлердің мәселесін шешілетінін айтқан еді.