Литвамен келісім құпталды

Литвамен келісім құпталды

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кезекті жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын қарады.

Қалаулылар «Қазақстан мен Литва арасындағы бас бостанды­ғынан айыруға сотталған адам­дар­ды және медициналық сипат­тағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжат Сенатқа жолданды.

Заң жобасының негізгі мақ­са­ты – уағдаласушы мемле­кет­тердің бас бостандығынан айы­ру­ға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәж­бүр­леу шаралары қолданылған адамдарды беру саласындағы ынтымақтастықты шарт ереже­леріне және ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру болып отыр.

Қазақстанның оны ратифи­ка­циялауы – сотталған адамдар­дың және медициналық сипат­тағы мәжбүрлеу шаралары қол­данылған адамдардың азаматтық жағынан өз қоғамына, мысалы, Лит­вадағы осы санаттағы қазақ­стандықтардың елге оралып, жұртшылығымыздың қатарына қайта интеграциялануына сеп­те­сетін болады.

Осы жиында Мәжіліс келіп түскен жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап алды. Олар­дың арасында «Кейбір заңнама­лық актілерге қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микро­қаржы­лық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­­рулар енгізу туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге жұмылдыру дайындығы мен жұмыл­дыру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бар.

Жалпы отырыс соңында Мәжі­­ліс депутаттары Бақытбек Смағұл, Кәрібай Мұсырман, Зәуреш Аманжолова, Роман Ким, Нұржан Әлтаев Үкіметке және құзырлы мемлекеттік ор­ган­­дарға депутаттық сауалда­рын жолдады.