Дәрігерлер Алматының бас санитары Айзат Молдақасымованы сотқа бермек

Дәрігерлер Алматының бас санитары Айзат Молдақасымованы сотқа бермек

Карантинге жабылған Алматы қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өздерін кінәлаған тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованы сотқа беретіндерін мәлімдеді. Айтуларынша, қаланың бас санитары қауіпті індетті жұқтырған дәрігерлердің өздерін кінәлаған. «Көктем» шипажайында карантинге жабылған отыз шақты қызметкер басшылық тарапынан әділетсіздік болды деп отыр. Медициналық қызметкерлердің видеоүндеуі әлеуметтік желілер арқылы тарап, қызу талқыланып жатыр.

«Біз бәріміз орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлеріміз. Қабылдау және гинекология бөлімдерінде жұмыс істейміз. Бәріміз коронавирус аныталғандармен байланыста болғанбыз. Біздің анализден теріс нәтиже шықты, ал оң нәтиже шыққан әріптестерімізді инфекциялық ауруханаға алып кетті. Біз Айзат Молдақасымованы сотқа береміз. Өйткені, ол коронавирустың жұғуына дәрігерлердің өзі кінәлі деп бізді айыптады. Біз өз құқығымызды қорғап, өз ойымызда қаламыз», - деді карантинде жатқан гинекология бөлімінің меңгерушісі Гаухар Әміреева.
Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының қызметкерлері жұмыстан қуылған бас дәрігерді қайтаруды да талап етті. Есте болса, аталған аурухананың 182 қызметкерінен коронавирус анықталып, бас дәрігер Алмас Джувашев қызметтен кеткен еді. Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер басшыларын шұғыл қайтаруды талап етіп, видеоүндеу жариялады.
«Біз клиниканың бас дәрігері Джувашев Алмаз Болатұлын қызметінен алғанын білдік. Кеше Президентке, министрдің атына ұжымның атынан ашық хат жазып, медицина қызметкерлерімен бұлайша әрекет етуге болмайтынын айттық», - деді бөлім меңгерушісі.
https://www.youtube.com/watch?v=ari1saNaXKw&feature=emb_logo