Нұр-Сұлтанда 11 мекемеден карантин алынды
Нұр-Сұлтанда 11 мекемеден карантин алынды
© astana.gov.kz
121
оқылды
Нұр-Сұлтанда 11 мекемеден карантин алынды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды.
"Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания бар. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады", - делінген хабарламада.