Студенттермен жүздесті
Студенттермен жүздесті
271
оқылды

Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәурен­баев және Бақтияр Мәкен Алма­тыдағы Қазақ ұлттық аграрлық универси­тетінің ұстаз-ғалымдарымен, жаста­ры­мен кездесті. Олар мемле­кеттік ауқымды бағдарламалар барысын түсіндіріп, жастардың заман талабына сай білім алуы, ғылыммен айналысуы жөнінде кеңінен әңгіме қозғап, әлеу­меттік мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Университет ректоры, ҰҒА акаде­мигі Тілектес Есполов қонақтарға оқу орны­ның бүгінгі жетістіктері мен алдағы мақ­саттары туралы баяндап, мемлекет жүк­теген міндеттерді іске асыруға бай­ла­ныс­ты әзірленген жұмыс жоспары аясын­да атқарылып жатқан нақты іс-ша­ралар барысы туралы мәлімет берді. Ректор Парла­мент депутаттары универ­ситеттің әр бастамасына, ғалымдардың ғылыми жобаларына үнемі қолдау көр­сетіп, соның нәтижесінде тек биылдың өзін­де университетте екі жоба бойынша көлемі 1,9 млрд теңгені құрайтын 2 жа­ңа инно­вациялық орталық және 2 зертхана ­ашыл­ғанын, осы игілікті іс-шаралардың бар­лығы – жастары­мыздың озық білім алуына, еліміздің кемел келешегін қа­лып­тастыруына бағытталғанын атап өтті.

З.Бәлиева жастардың ғы­лым­мен айналысуына, оларға әлеу­меттік көмек көрсетуге, жалпы аграр­лық ғы­лым­ды қолдауға халық қалау­лылары ба­рынша оң ықпал жасай­тынына тоқталды.

Мәжілістегі Аграрлық комитеттің мү­шесі Амангелді Дәуренбаев ауылды көр­кейтуге бағытталған мемлекеттік бағ­дарламалардың әлі де жетілдіруге қа­жетті тұстары бар екенін, универ­ситет ұжы­мы мен студенттердің та­лап-тілек­терін ескере отырып, тиісті органдарға арнайы сауал жібере­тінін айтты.

Қазақ ұлттық аграрлық универ­си­те­тінің түлегі, депутат Бақтияр Мә­кенұлы өз сөзінде жоғары білім алу­дың қолже­тім­ділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақ­ха­надағы жағдайын жақ­сарту мәселесі мемлекеттің ерекше на­зарында тұр­ғанын, жастардың жаңа бі­лім алуына елімізде мүмкіндіктердің мол екенін нақты мысалдармен айтып өтті.

Жиын барысында университеттің оқы­тушы-профессорлары, білім алу­шы жастары депутаттарға өздерін тол­ған­дырып жүрген сұрақтарын қойды.

Қазіргі кезде оқу орнының жетіс­тік­­терімен қатар, әлі де толық шешімін тап­пай тұрған мәселелері де аз емес. Уа­қыт жылдам өзгеріп, білім, ғылым, өнді­ріске қойылатын талаптар кү­шею­де. Агро­өнеркәсіптік кешенге жаңа инно­ва­циялық технологиялар енгізілуде. Сон­дықтан бәсекеге қа­білетті, жаңаша ойлайтын, тиімді ше­шімдер қабылдай алатын, инно­ва­цияға бейім мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын дамыту көзделуде. Отандық кадрларды даярлау, акаде­миялық ұтқырлық аясын кеңейту, жаңа мамандықтар ашу, сұранысы жоғары мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты көбейту, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бо­йынша әлі де түйінді мәселелер бар.

Бүгінде универсиетте 90 пайыздан астам ауыл балалары білім алады. ҚазҰАУ студенттерінің басқа оқу орын­­дарына қарағанда жатақханаға мұқ­таж­дығы көп. Сондықтан уни­вер­ситет бас­шылығы биыл 450 орынды жаңа «Сту­денттер үйін» салуды жос­парлап отыр. Қазіргі кезде оның құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті органдарға ұсыныс ретінде жіберілді.