13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Нұр-Сұлтан қаласы - 8 адам, Ақмола облысы - 4 адам, Алматы облысы - 1 адам. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 220-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 118, Алматы қаласы – 58, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 2, Алматы облысы – 7, Атырау облысы – 12, Ақмола облысында – 8, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 2, Қызылорда облысы – 4, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.