Алматыда 218 дәрігер коронавирус жұқтырды
Алматыда 218 дәрігер коронавирус жұқтырды
© elements.envato.com
119
оқылды
Алматы қаласында коронавирус жалпы 218 медицина маманынан анықталды. 14 сәуір, сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында коронавирус инфекциясының жаңадан 24 оқиғасы анықталды. 15 сәуір, сағат 12.30-дағы соңғы мәлімет бойынша, қалада барлығы 370 науқас тіркелген. Оның ішінде 6 бала және 3 үш жүкті әйел бар. Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатқан 215 адамның барлығынан коронавируске анализ алынған. 18 пациентте талдау оң нәтиже көрсетті. Бүгінде Алматыда індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 218. Олардың 182-сі Орталық қалалық клиникалық ауруханасының мамандары. 30 қызметкер - Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, 2-еуі - шұғыл медициналық жәрдем станциясының, 1-еуі - № 1 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Сондай-ақ № 11, 32 және 12 қалалық емханаларында КВИ-ге шалдыққан бір-бір медицина маманынан анықталды. Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық өңдеу жұмыстарына жабылды. Қазіргі уақытта қаланың стационарларында Алматы облысының бір пациентін қоса алғанда, барлығы 311 адам ем қабыладуда. Жағдайлары - қанағаттанарлық. Қайтыс болғандар саны - 2. Жазылып шыққандар саны - 58. Айта кетейік, 14 сәуір күні алматылық 110 дәрігердің жаппай коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз. Медқызметкерлер видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінді. Кейін Орталық қалалық клиникалық аурухананы ҚР ДСМ ҚР Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов тексеретіні хабарланды. Осы жағдайдан кейін аталмыш аурухананың бас дәрігері Алмас Джувашев қызметінен босатылды. Бүгін Марат Абдуллаев аурухананың басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.