Ардагерді құттықтады
Ардагерді құттықтады
516
оқылды

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып, құттықтады.

Асқар Исабекұлы ардагердің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысын жеткізді.

Тілеуқабыл Төребеков1925 жы­лы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында дүниеге кел­ген. Білімі жоғары, партия мек­тебін бітірген. 1943-1950 жыл­­­дары Кеңес әскері қатарын­да қызмет атқарып, оның 5 жы­лын­да Жа­пон соғысына қатыс­қан. Соғыс­тан кейінгі жылдары қо­ғам­дық, партиялық жұмыс­тарға белсене араласқан. 1959-1960 жылдары тамақ өнеркәсіп орын­дарының жұмысшылары­ның облыстық кәсіподақ коми­тетінің төрағасы болып істеген. Облыстық әкім­шілікте коллегия және облыстық тәртіптік кеңес­тің мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан соғысы» ордені­мен және 17 мерекелік медаль­да­р­мен марапатталған. Сондай-ақ бұл күні облыстық мәслихат­тың хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан басшылары да өңірдегі бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мереке­мен құттық­тады.

Бүгінде облыста барлығы Ұлы Отан соғысының 75 ардагері бар десек, мереке қарсаныңда олардың әрқайсысына қалалық және аудандық бюджет есебі­нен 300 мың теңгеден сый­лық ретінде берілді. Ұлы Отан соғы­сы қатысушыларына теңес­тірілгендерге 100 мың теңгеден, тыл еңбек ардагер­леріне 50 мың теңгеден қарасты­рылған.

    

Ерман ӘБДИЕВ,

Жамбыл облысы