1925 жылы туған Мұса Рыскелдиев 4-ші атқыштар Бежицк дивизиясы 220-шы атқыштар полкінің бөлімше командирі, кіші сержант болған. 19 жасында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан әскерге шақырылды. [caption id="attachment_33668" align="alignright" > © Сурет интернеттен алынды.[/caption]
Соғыста Мұса Рыскелдиев жаудың 2 пулемет нүктесі мен пулеметшілер тобын, 20-ға жуық немісті гранатасын өз пулеметімен көзін жойған. Бұл шайқаста ротаға биіктікті алу туралы тапсырманы берілді. Жүктелген тапсырманы орындау барысында взвод лейтенанты Роднов биіктікті алуға ұмтылған.Бірақ жаудың қарша борап жауған оғы олардың жылжуына кедергі етті. Соған қарамастан кіші сержант Мұса Рыскелдиев бірінші нөмірлі қол пулеметімен жүрексінбей жауға бет алып, фашистің пулеметшілер тобын жойды. Сөйтіп, жау траншеясына баса-көктеп кіріп, гранатпен ұрыс бастаған болатын. Жау да қарап жатпай взводтың траншеяға келуіне кедергі жасап, пулеметтен оқ атқан. Ержүрек Мұса Рыскелдиев сол пулеметшілер тобына граната лақтырып, оларды жарып жіберді. [caption id="attachment_34694" align="alignleft" > © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Сол кезде Мұсаны жаудың 5 жауынгері мен офицері шабуыл жасап, тұтқынға алмақшы болады. Немістің қол созым жерге жеткенде ол қалған соңғы гранатамен өзін жарып жібереді. Жарылыстан 3 неміс көз жұмып, 2-еуі жараланды.Міне, жеңіс үшін Мұса Рыскелдиев өз өмірін құрбан етті. Осыны пайдаланған взвод батыл шабуылға шығып, жаудың траншеясына басып кіреді. Жаужүрек қаза жігіт оысндай батырлығы үшін. «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.