Қазақтың хас батыры – Ыбырай Сүлейменов
Қазақтың хас батыры – Ыбырай Сүлейменов
©Сурет интернетен алынды
 Аты аңызға айналған мерген Ыбырайым Сүлейменовтың есімі көпке белгілі. Болашақ снайпер өмірге 1911 жылы келген. Оның әскери атағы – старшина, 100 жеке атқыштар бригадасының 2 жеке атқыштар батальоны снайпер-бақылаушысы. Әскер қатарында 1942 жылдың қараша айынан бастап келді. [caption id="attachment_35907" align="alignright" width="224"] width= © Сурт интернеттен алынды[/caption]

Бір жылдың ішінде, 1943 жылдың қараша айына дейін ол жаудың 239 жауынгері мен офицерін жойды. Сол жылдың 16 қарашасында Невел қаласынан батысқа қарай, Изоча станциясында 173,3 биіктікте үлкен қақтығыс болған. Биіктіктің сол қапталында аты аңызға айналған батыр Мәншүк Мәметова пулеметтен оқ атқан.

Ал Ыбырайым Сүлейменов оң жақта үш окопқа ие болған. Ол екі шеткі орындарға винтовкалар, ал ортаңғы орынға автомат пен екі граната қалдырды. Жаудың бірде-бір солдаты оның қырағы көзінен таса қалдырмаған. Мергендік танытқан ол дұшпанның екі шабуылын қайтарды. [caption id="attachment_35908" align="alignleft" width="486"]соғыс © Сурет интернеттен алынды[/caption] Сол шайқаста Ыбырайым 12 фашисті құлатты. Бірақ бұл уақытта біздің жаяу әскердің оқ-дәрісі таусылған соң, жауынгерлер шегінуге мәжбүр болды. Кешке биіктікте тек Мәншүк Мәметова мен Ыбырайым Сүлейменов қалды. Олардың екеуі өз өміріне қауіп төнгеніне қарамай, жолдастарының шегінуін қамтамасыз етті. Қрыс кезінде Мәншүк пулеметінің дауысы үнсіз қалды. Арғы шеттен құтқаруға келіп қалған жауынгерлердің «ура» деген дауысы естілді. Сол кезде оқ-дәрісі таусылған старшина ұрысқа шықты... Осы сәтте оған жаудың оғы тиді. [caption id="attachment_35906" align="alignright" width="563"]шайқас ©Сурет интернетен алынды[/caption] Ал Ыбырайымның екі траншеясынан бірде-бір оқ табылмады. Үшінші траншеядағы винтовка тауып, жауға қарай бағыттады. Осылайша, Ыбырайым Сүлейменов өзінің есебін 289 адамға жеткізді. Сөйтіп, нағыз қаhарман соңғы тынысы қалғанша күресіп қайтыс болды. Осы шайқас үшін Мәншүк Мәметова мен Ыбырайым Сүлейменовке кейіннен Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Армия мен майдан осы ұсынысты бекітті. Соңғы сөз тек Мәскеу тарапынан қалған. Әйтпесе, қаhармандар атағы үкіметте бекітілетін еді. Бірақ Мәскеу басқаша шешім қабылдады. Мәншүк Мәметова Кеңес Одағының батыры атағын берілді. Ал Ыбырайым Сүлейменовке «Ленин» орденімен марапатталды.