42 500 теңге 2,7 миллионнан астам адамға тағайындалды
42 500 теңге 2,7 миллионнан астам адамға тағайындалды
© сурет интернеттен алынды
128
оқылды
2,7 миллионнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. «2 млн 708 мың 666 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды. 15 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 5 млн 334 мың 224 азаматтан барлығы 6 млн 837 мың 393 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 503 мың 169 қайталанатын өтінім тіркелді», - делінген хабарламада. Бірегей өтініштердің ең көп саны: Алматы облысы – 667 116; Алматы қаласы – 651 903; Түркістан облысы – 631 598; Нұр-Сұлтан қаласы – 418 768; Шымкент қаласы – 339 709. Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған: Алматы облысы – 411 573; Түркістан облысы – 300 996; Алматы қаласы – 291 439. «Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді», - деп аталып өткен хабарламада. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.