Гренландия билігі коронавирусты жеңгенін хабарлады. Бұл туралы High North News мәлімдеді. Белгілі болғандай, 4 сәуірден бастап Гренландияда коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Ал бұған дейін COVID-19 жұқтырған 11 адам індеттен толық айығып шыққан. Осы уақытқа дейін елде 900 адам тестілеуден өткен, себебі 16 наурызда вирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Премьер-министр Ким Кильсен жаңа жағдайлар тіркелмесе, жуық арада ел астанасы Нуукты ашу туралы шешім қабылдамақ. Әзірге Гренландия – коронавирусты ешбір өлім-жітімсіз жеңген алғашқы мемлекет.