«Халық жауы» балалары қан майданда қандай ерлік көрсетті?
«Халық жауы» балалары қан майданда қандай ерлік көрсетті?
351
оқылды

Екінші дүниежүзілік соғыс қаншама қазақтың басына қайғы-қасірет әкелді. Бұл қанқұйлы соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.

Соғысқа қатысқан қазақ қыз­дарының бірі – Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның қызы Зей­неп (Елизавета) Сәдуақасова. Зейнеп 1923 жылы қазақтың қай­раткер ұлы Смағұл Сәдуақасовқа тұрмысқа шықты. 1927 жылы ММУ-дің медицина факультетін бітірді. 1933 жылы Голощекин үкі­метінің былығын бетіне басқаны үшін жұбайы Смағұлды Воронежге жер аударды, сол жақта белгісіз жағдайда шейіт болды. Ал әкесі Әлихан 1920-1930 жылдары НКВД жендеттері тарапынан 3 рет қа­мал­ған болатын. Соңғы тұтқынынан босап шыға алмады. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде ату жазасына кесіліп, сол күні атылды.

Әкесінен де, жарынан да айы­рылған Зейнеп пен оның балала­ры тар жол тайғақ кешуден өтті. Со­ғыс оты тұтанған кезде, яғни 1941 жылдың 1 тамызында 3-ранг­тегі әскери дәрігер, 38 жастағы Зейнеп Сәдуақасова Мәскеуден майданға алынды. Ақ халатты абзал жан Солтүстік-батыс, кейін 2-Белорусь, 3-Прибалтика май­дан­дарында жарақаттанған жауын­герлердің жанын арашалау жо­лында тер төкті.

Соғыстағы көрсеткен жәрдемі үшін бірқатар медальдармен марапатталды. Мәселен, алғаш рет 1943 жылдың 27 қаңтарында «Жа­уынгерлік еңбегі үшін» медалін ал­ған болатын. Марапаттау қаға­зында: «Тов. Садвокасова Е.А круп­ный специалист в области медицинской статистики. Свой многолетний опыт работы она поставила на службу Красной Армии. Работая в течение почти 11 месяцев в Военсанупра СЗФ тов. Садвокасова Е.А сделала чрез­вычайно многое для налаживания статистического учета и отчетности в армиях... Упорной и кропотливой работой своей тов. Садвокасова Е.А добилась четкого построения системы учета санитарных потерь, возвращенных в строй после лечения в госпиталях СЗФ и дру­гих показателей, характе­ризующих работу сан службы фронта» делінген.

1943 жылдың 13 қазанында медқызмет майоры Зейнеп Сәдуақасова «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды.

«...Учет потерь, загрузки лечебных учреждении войскового, армейского и фронтового района, возвращение свыше 70 процентов в строй по выздоровлении, а также определение целого ряда показа­телей, имеющих актуальное зна­чение при современном сложном планировании боевых действий и санитарного обеспечения войск четко и оперативно на протяжении длительного времени, обеспе­чи­вается непосредственно т. Садво­касовой.

За большую самоотверженную работу, обеспечивщую опера­тив­ное руководство санитарной служ­бы, тов. Садвокасова Е.А достойна награждения орденом «Орден Отечественной войны II степени» деп жазылған құжатта.

Ал 1944 жылдың 17 қазанында «Қызыл жұлдыз» орденімен ма­рапатталды. Марапаттау қағазында «...Особую ценность для выводов представляют собой материалы, разрабатываемые т. Садвокасовой, по лечебному обслуживанию ра­ненных и больных бойцов и офи­церов. Дисциплинирована. Со­че­тает большую работу по специаль­ности с общественной работой. Достойна награждения орденом «Красная Звезда» деп көрсетілген.

Соғыстан аман оралғаннан кейін де Зейнеп Әлиханқызы қалған өмірін медицина саласына арнады. Медицина ғылымының докторы (1965), профессор болды. Н.Семашко атындағы Әлеуметтік гигиена және денсаулық саласын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу инс­титутының бір бөлімін бас­қарды. Өмірінің соңғы жылдары ауыр дертке ұшырады. Өлер алдын­да «Мне отец дал сердце, ко­торое раньше меня спасало, а теперь не дает спокойно умереть» деген соңғы сөзін айтып барып, демі үзілді. Бұл 1971 жылдың 21 маусымының түні болатын.

Сәдуақас пен Зейнептің ұлда­ры Ескендір (Кенка) де майдан даласынан оралмады. Не әкенің, не шешенің қамқорлығын көре алмай, ауыр жағдайды бастан өткерген Ескендір 17 жасында со­ғысқа сұранды. Әлиханның жиені 1941 жылдың 19 қараша­сында Мәскеу облысы Скирманово де­ревнясы маңында болған шайқаста із-түзсіз кетті.

Әлихан Бөкейханмен бірге бірдей үкім кесіліп, бір күні, бір жерде атылған Алаш қайраткері Нығмет Нұрмақовтың ұлы Ноян да Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Әкесі атылғаннан кейін атасы Зүфнүн де қамауға алынып, Нығметтің балалары жан-жақтағы балалар үйлеріне жіберілді. Ноян Саратовтағы балалар үйінде тәрбиеленіп, өз сұрауы бойынша 1941 жылдың желтоқсанында майданға қосылды.

Ноян Нығметұлы 285 ДОБХ атқыштар дивизиясы 1030-ат­қыш­тар полкінің сапер взводының командирі болды. 1944 жылдың 17 ақпанында аға сержант Ноян Нұрмақов алғашқы марапаты – «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.

«Старшему сержанту Нурма­кову Н.Н 14 декабря 1943 года была поставлена боевая задача с группой разведчиков проникнуть в тыл противника в районе с.Парфировка с целью выявления системы обороны противника, огневых средств, состояние дорог, наличия мостов через реку Боковая и подъездов к ним. В результате 3-х дневной разведки в глубине обо­роны противника задача была оброзцово и без потерь выполнена: выявлено и нанесено на карту 15 стрелковых окопов, 11 блиндажей, 3 танковых пулемета, 3 миномет­ных батареи и позиция артбатарей, разведаны мосты и броды через р.Боковая» делінген құжатта.

Кіші лейтенант Ноян Нұрма­қов ерлігі үшін 1945 жылдың 19 ма­­мырында «Қызыл жұлдыз» орде­німен марапатталды.

«...В ходе наступления 7.05.45 года в районе немецкого города Штрегау, тов. Нурмаков получил приказание провести разведку маршрута Гросс-Розен-Кальтхаде для прохода нашего транспорта. Действуя умело и решительно разведку маршрута и разминировал сошейную дорогу Гросс-Розен-Кальтхаде сняв 74 шт противо­тан­ко­вых и противопехотных мин. Этим самым тов. Нурмаков дал возможность благополучному продвижению штабов и всех тыловых частей дивизии. За проявленное мужество и геройство тов. Нурмаков достоин награж­дения орденом «Красная звезда» делінген құжатта.

Ал 1945 жылдың 10 қазанында «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медаліне ие болды. 1946 жылы елге оралды.

Бұл жайлы медицина ғылым­дарының докторы, профессор Аман Нұрмақов: «1946 жылы еліне қайтып келген соң, Алматыдағы Тау-кен металлургия институ­ты­ның сирек металдар бөліміне тү­седі. Бірақ онда «халық жауының» балалары оқуға болмайды деп, басқа институтқа ауысуға Ноянды мәжбүр етеді. Оны бітірген соң Алматыда, одан соң Мәскеуде ин­женер-гидрогеолог болып қызмет істеді. Ноян 1986 жылы 63 жасында жүрек сырқатынан қайтыс болып, Мәскеудің Ваганьков зиратында жерленді» деп жазады.

«Халық жауы» деген тақсыретті қамытты Абай ұрпақтары да арқа­лады. Тұрағұл Ибраһимұлын «алаш­ордашыл-ұлтшыл» деп айыптады. Алғашында 1922 жылы Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатовпен бірге, кейін 1927 жылы тағы тұтқындалды. 1928 жылы Шымкентке жер аударылды. Сол жақта қуғында жүріп, 1934 жылы қайтыс болды. Тұрағұлдың бір ұлы Зұбайырға 1928 жылы «алашор­да­шының баласы» деген айып та­ғылып, жер аударылды. 1933 жылы Бішкекте дүние салды. Тағы бір ұлы Жебрайыл әкесінің артынан барып жүріп, ауыр науқасқа ұшы­рап, 1930 жылы қайтыс болған. Осы Жебрайылдың ұлы Алпаш соғысқа қатысып, аман оралды.

Жалпы, Абайдың кіндігінен тараған 10 ұрпағы майданға атта­нып, оның екеуі ғана аман-есен оралды. Біреуі осы Алпаш болса, екіншісі Мағауияның немересі – Ишағы Жағыпарқызы. Ишағы со­ғыста авиация технигі болды, Хар­бин қаласы маңындағы шай­қастарға қатысты. Алпаш 1990 жы­лы Алматыда қайтыс болды, Ишағы 2013 жылы 91 жасында дүние салды.

Абай ұрпақтарының бәрі дер­лік қуғын-сүргін көрді. Атап айт­сақ, Мекайыл 1931 жылы «бай баласы» деген желеумен істі бол­ған. Ол осы жылы Семей түрме­сінде сотсыз атылған. Осы Мека­йыл­дың балалары Құзайыр (1945 жылы) және Қалышер (1942 жылы) соғыста мерт болды.

Ақылбайдың ұлы Әубәкір де айдауда болды. Ол да Тұрағұлдың артынан барып, 1934 жылы Шым­кентте қайтыс болды. Осы Әубә­кірдің Қапсәләм (1943 жылы), Әлихан деген ұлдары соғыста шейіт болған.

Сондай-ақ Мағауияның неме­релері Жошыхан Жағыпарұлы, Бе­рекехан Құтбайұлы және Тоқ­тамыс (Тоқташ) Ізкайылұлы да соғыста өлді. Сон­дай-ақ Әбдірах­манның жиені Еніғам да май­дан­нан орал­мады. Бұлардың бәрі де май­данға жас кезінде алын­ған­дық­тан, ешқай­сысынан ұрпақ қалмады.

«Халық жауы» балалары қанша дүлей ерлік көрсетсе де, олардың көбі тиісті марапатқа бөленген жоқ. Себебі, «халық жауы» деген аты қай кезде де алдарынан шығып отырды. «Халық жауы» балалары­ның ішінде тек Мәншүк Мәметова ғана Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бұл атақты Мәншүкке ерлікпен оққа ұшқаннан кейін амалсыз берген болатын.

«Халық жауы» балалары қанша дүлей ерлік көрсетсе де, олардың көбі тиісті марапатқа бөленген жоқ. Себебі, «халық жауы» деген аты қай кезде де алдарынан шығып отырды. «Халық жауы» балалары­ның ішінде тек Мәншүк Мәметова ғана Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Біреу білер, біреу білмес, Мән­шүк – «халық жауы» деп атылып кеткен Алашорда қайраткері Ахмет Мамытұлының (Мәметов) қызы (ағасы Жиенғалидың қызын кішкентайынан бауырына басқан болатын). Ахмет «Қазақ» (редак­торы – Ахмет Байтұрсын­ұлы), «Бірлік туы» (редакторы – Мұстафа Шоқай) газетін шыға­ру­шылардың бірі болды. 1918 жылы «Ойыл уәләяты» үкіметінің «Еркін қазақ» газетін шығарды. Өмірінің соң­ғы жылдарында Ахмет халық меди­цинасына қызмет етті. Мән­шүкке де дәрігерлік жолды таң­дауды аманат еткен еді. 1937 жылы Ахмет «алашордашыл-ұлтшыл» деп тұтқындалып, ату жазасына ке­сілді. Ахметтің «халық жауы» деп оққа ұшқаны Мәншүктің жүрегін қатты жаралады. Ол әке аманатын орындап, дәрігерлік мамандықты таңдады. 1941 жылы соғыс өрті тұтанған кезде Мәншүк әкесінің «халық жауы» емес екенін дәлелдеу үшін соғысқа сұранды. Мәншүк анасы Әмина Сүлейменқызына (ол да қазақтың қайраткер қызы) жазған хатында: «...Егер қаза бол­сам, Отан үшін, әкем үшін және сіз үшін...» деген жолдар бар. Бұл хат Оралдағы Мәншүктің музейінде сақтаулы тұр.

Мәншүк майданға алғашында машинистка ретінде қабылданды. Алайда асқан ерлігімен көзге түсіп, 1943 жылдан бастап пулеметші атанды. Әкесінің атына кір келтір­меген Мәншүк Мәметова Невель қаласын қорғау кезінде ұрыс дала­сында жалғыз қалып, жараланған еді. Алайда пулемет тұтқасынан айырылмастан оқ жаудырып, жауды жусатып барып, мерт болды. Осы көзсіз ерлігі үшін Мәншүкке Батыр атағы берілді.

Соғыста ерлігімен көзге түскен тағы бір «халық жауының» қызы – Халида Маманова. Оның әкесі – Жетісудағы атақты «Ма­мановтар мектебін» (бұл мектептен Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев түлеп ұшты) құрған Есенқұл Ма­манов. Алайда сталиндік репрессия кезінде Мамановтар әулетінен 36 шаңырақ қуғындалып, 15 адам атылған екен. Есенқұл 1928 жылы мал-дүниесі кәмпескеленіп, Чка­ловқа жер аударылды. Айдауда жүріп, ауырып қайтыс болды.

Халиданың да соғысқа барған­дағы бар арманы әкесінің, әуле­тінің «халық жауы» емес екенін дә­лелдеу болатын. Ол 1942 жылдың ақпанында майданға алынды. Әсі­лінде Халида 1941 жылы Алма­ты ме­дицина институтын бітірген еді. Алайда Халидаға «лейтенант» шені берілмей, дәрігер болуға рұқсат етіл­мей, қолына күрек ұста­тып, оны өлген адамдарды жер­леуге жек­ті. Мұндай әділетсіздікке төз­беген қайсар қыз Сталинге хат жол­дап: «Егер мен «халық жауы» болсам, штрафротаға жіберіңіз. Тірі қал­сам, менің отбасыма, маған та­ғылған жаланың барлығын алып тастайсыз» деген талап қой­ған. Ұзамай Халида 821-батальонға ауыстырылды. Осы батальон құ­рамындағы амбулаторияны бас­қарып, Бер­линге дейін аман жетті. Халидаға «аға лей­те­нант» шені 1943 жылы ғана берілді. Майдан­дағы ерлігі һәм еңбегі үшін ол «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жең­гені үшін» медальдарымен және «Қы­зыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

Медицина қызметінің аға лейтенанты Халида Мамановаға «Қызыл жұлдыз» орденін беру туралы құжатта: «Старший лейте­нант м/с Маманова с февраля месяца 1942 года по август 1943 г. работала в должности начальника ПМП 821 БАО и за это время про­вела лечение 18 000 амбулаторных больных на 17 аэродромах и пере­довых комендатурах. В августе 1943 года получила повышение и назначена была на должность гинеколога 24 РАБ, на каковой работает и до настоящего времени.

В должности гинеколога с августа 1943 г. Провела 216 выездов и обследований женского личного состава частей, с охватом в общей сумме 11 200 человек. Медпомощь и лечение провела 1432 женщинам. Обеспечила сохранение беремен­ности и своевременно эвокуиро­вала в тыл 354 женщины. Органи­зовала 138 комнат женской гигие­ны, провела 534 лекций в женским личным составом на разные темы гигиенического характера и в частности этим обусловила факт отсутствия случаев сифилиса сре­ди обслуживаемого нами женского личного состава.

...За отличную работу по спе­циальному обслуживанию личного состава авиачастей и соединений, в результате чего не было ни од­но­го заболевание, связанного со спе­цифическими условиями бое­вой обстоновки старший лейте­нант м/с Маманова заслуживает правительственной награды ор­де­на «Красная звезда» деп жазылған.

1945 жылы Халида Мамановаға «медицина қызметінің капитаны» шені берілді. Елге оралған соң, Халида дәрігерлік қызметін жал­ғады. Алматыдағы, Қарағандыдағы медицина институтында қызмет етті. Медицина ғылымының док­то­ры атанды. 1959 жылы Ақтөбе институты ашылғанда, осы оқу орнының патофизиология кафе­драсының меңгерушісі болды. Осы кафедраны өзі құрды. Одан бөлек, Халида институт қабырғасынан Қазақ ұлттық аспаптар оркестрін құрған болатын. Осыдан бастап басына қайтадан бұлт үйірілді, оны «ұлтшыл» деп айыптады. Қаншама шақыртуларға қарамастан, оның шетелге шығуына тыйым салынды. Тек 1977 жылы Болгарияға баруына рұқсат берілді. Алайда сапар тобымен барған Халида сол жақта жұмбақ жағдайда дүниеден өтті.


Иә, әкелерінің «халық жауы» емес екенін ­дәлел­дейміз деп қан майданға аттанған балаларды тізе берсек, тоқтайтын түріміз жоқ. Олардың бірсыпырасы сол қан майданнан қайтып оралмады. Сүйектері жат жерде қалды. Азған­тай саны ғана аман оралды. Олар бізге батырлық пен бауырмал­дықтың асқан үлгісін көрсетіп кетті. Өмір бойы өздерінің һәм әкелерінің жау емес, дос екенін дәлелдеу үшін жан салып еңбек етті. Алайда, «халық жауы» баласы деген маңдайға басып қойған таңбамен бірдей нәрсе болатын. Қазақ тарихындағы бір қасіретті кезең осы еді.