Айдын Рахымбаев: Қонақүй иелерін медқызметкерлерді тұрғызуға шақырды
Айдын Рахымбаев: Қонақүй иелерін медқызметкерлерді тұрғызуға шақырды
Сурет Айдын Рахымбаевтың парақшасынан алынды
Мәлімдеуінше, оның бұл қадамға баруы – кешегі күннің жағдайы. «Бір мезетте 110-нан аса дәрігердің коронавирусқа шалдыққанын естіп, төбе шашым тік тұрды. Бұл дегеніміз – 300-ге жуық адамға жұққаны ғой. Бар мәселе онда да емес. Еуропа болсын, Америка болсын ол жақта дәрігерлердің мыңы жұқтырып, жүздегені қаза болуда. Алайда кез келген адам сырқаттанса дәрігерге барады. Содан жұқтырып алуы да мүмкін.  Сондықтан оның алдын алу керек» деген BI Group басшысы Айдын Рахымбаев.  width=– Бүгінгі майдан шебінің алдыңғы қатарында дәрігерлер жүргені бәріне мәлім. Бірақ олардың да жанұясы, отбасы бар. Солардың амандығы үшін Алматыдағы қонақүй иелерін көмектесуін сұраймын.  Тым болмағанда осы аралықта ғана. Себебі, Алматыда инфекцияның аяқасты ушығуы – бәрімізді есеңгіретіп тастады. Медицина қызметкерлері қала ішінде жүрмей, жұмысына жақын жерде тұруын ыңғайлауымыз керек. Мәселен, біздің Hillton қонақүйінде 300-деy астам дәрігердің тұрып жатқанына бір жұма болды. Олардан ақы да алмаймыз, әкімшілік те төлемейді. Оның бәрінен бас тартқанбыз.  width= Оның үстіне қазіргі кезде елдегі қонақүйлердің бәрібір бос тұр. Соны кәдеге жарата білейік. Біздің де төлейтін несиеміз бар. Соған қарамастан қолымыздан келгенінше көмектесіп отырмыз. Бастысы елдегі жағдайды бір қалыпқа түсіру, айқай-шуды басу. Барлық мәселе ақшада емес. Бір болайық, ел болайық, алдыдағы мәселені бірігіп шешейік» деді ол.