Нұр-Сұлтан Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарын өткізеді
Нұр-Сұлтан Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарын өткізеді
216
оқылды

Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары 2021 жылы еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл туралы Австралияның Голд-Кост қаласында өткен Бүкіләлемдік Халықаралық спорттық федерациялар (GAISF) конгресінде белгілі болды.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат және GAISF президенті Рафаэль Чиулли арнайы келісімге қол қойды. Айта кетейік Нұр-Сұлтан аталған ойындарды өткізуге үміткер 4 қаланың қатарында болды.

Еліміздің аталған ойындарды жоғары деңгейде өткізе алатынын Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат айтты.

– Қазақстанда мұндай жарыстарды өткізетін үлкен тәжірибесі бар. VII Қысқы Азия ойындары, XXVIII Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада және тағы басқа турнирлер біздің спорттық әлеуетімізді бүкіл әлемге паш етті. Сонымен қатар, елімізде теңдессіз спорттық нысандар бар. Олар барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Сіздерге, аталған жарыс жоғары деңгейде өтетініне сеніммен айта аламын, – деді Фархат Аманқұлов.

Қысқа...

Бүкіләлемдік Жауынгерлік Өнер ойындары – спорттық жекпе-жек өнерінің өкілдері арасында өтетін мультиспорттық жарыс. Алғашқы ойындар 2010 жылы Қытайда өткен болатын. Жарыс бағдарламасына муай-тай, бокс, айкидо, самбо, сават, каратэ, джиу-джитсу, таэквондо, у-шу, кендо, сумо, семсерлесу, күрес және кикбоксинг спорт түрлері кіреді.