«Соғысқа қарағанда вирусты жеңу маңызды» – 99 жастағы соғыс ардагері коронавирустан құлан-таза айықты
«Соғысқа қарағанда вирусты жеңу маңызды» – 99 жастағы соғыс ардагері коронавирустан құлан-таза айықты
Фото: Интернеттен алынды
231
оқылды
Бразилияда 99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Эрмандо Пивета  COVID-19 дертінен жазылды. Әскери фуражка киген ардагерді аурухана дәрігерлері ерекше қошеметпен шығарып салды. «Бұл дертті жеңу маған майданды жеңуден маңыздырақ болды. Соғыста не өлесің, не өмір сүресің. Ал, мұнда өмір сүру үшін күресуің керек», – дейді Пивета. КТК арнасының хабарлауынша, ардагерге коронавирус диагнозы осыдан екі апта бұрын қойылған. Науқастың өкпесі қабынып, екі күн интенсивті терапия бөлімінде жатқан. Аурухана директорының айтуынша, Пиветаның денсаулығының мықтылығы арқасында оған өкпеге жасанды дем беру аппаратының қажеті болмаған. Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, Бразилияда 25 262 адам коронавирусқа шалдыққан, оның 1532-сі қайтыс болды.