Жаңа Зеландияда коронавирусқа байланысты министрлердің жалақысы 20 процентке қысқарады, – деп жазады 24.kz. Бұл жайында осы елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мұндай шешім індеттен көптеген адамның жұмысынан айырылып, табыстың жаппай қысқаруы түрткі болған. Еске сала кетейік, қазір Жаңа Зеландияда вирусты жұқтырғандардың саны 1 мың 400-ге жуықтады. Олардың жартысынан көбісі жазылып шықты.