Алматыда полицеймен жаға жыртысқандар қамауға алынды - видео
Алматыда полицеймен жаға жыртысқандар қамауға алынды - видео
Фото: Интернеттен алынды
128
оқылды
Алматыда тәртіпке бағынбай полицейлерге қарсылық көрсеткен адамдар қамауға алынды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1990 және 1992 жылы туған, сондай-ақ 1986 жылы туған азаматтарға қатысты ҚР ҚК 380-бабында (билік өкіліне қатысты күш қолдану) және ҚР ҚК 378-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық істер тергелуде.
«Үш күдікті қамауға алынды. А. есімді азамат Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, 1992 жылы туған Л. есімді азамат төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзып, заңға қайшы әрекеттері үшін айыпталды, ҚР ӘҚБТК 478-бабына сәйкес, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды» делінген хабарламада.
Әкімшілік қамауға алу аяқталғаннан кейін Л. есімді азамат қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.   https://www.youtube.com/watch?v=xAgbhBUmsQc «Әлеуметтік желіде бұған дейін таралған жазбаның авторы 1986 жылы туған Б. есімді азамат билік өкілін жария қорлау фактісі бойынша жауапқа тартылды» деп хабарлады полиция департаменті. Айта кетейік, Алматыда полиция қызметкері мен баламен серуендеп жүрген ер адам жаға жыртысқан видео әлеуметтік желілерде тарап, талқыланған еді.