Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күреске арнап ән шырқаған видеосы жарияланды

Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күреске арнап ән шырқаған видеосы жарияланды

Әнші Димаш Құдайберген коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнады. Димаштың «We Are One» («Біз біргеміз») атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы – Ухань қаласы – дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетіледі.   https://youtu.be/QysSLI2aHvM Видеода аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскасын шешіп, мәз-мейрам болған балалар  көрсетілген. «Бүкіл әлем коронавируспен күресіп, басынан қиын күндерді өткізіп жатыр. Ауруға қарсы күш біріктіріп, бір-бірімізге қол ұшын созғанда ғана COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен оқшауланып отырғандарға арналады» делінген бейнебаян сипаттамасында. Айта кетейік, We Are One әнінің сөзін Gao Shang/Shang Yang, ал әуенін Dong Nan/Tang Yi жазған. Ескерте кетейік, Димаш жаңа әні туралы өзінің Instagram-парақшасынды әлі жарияламаған.