Қостанайда келіншек екі сәбиіне, өзіне пышақ салды
Қостанайда келіншек екі сәбиіне, өзіне пышақ салды
145
оқылды
Қостанайлық келіншек екі баласын пышақтап, өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат таратты. Белгілі болғандай, «102» пультіне қоңырау 15 сәуір күні сағат 01.17-де түскен. Әйел бір және үш жасар екі сәбиінің денесін пышақпен тілген. Кейін өзіне пышақ жарақатын салған. Сәбилер қазір облыстық балалар ауруханасында, әйелдің жағдайы тұрақты. «Әйел суицид жасамастан бұрын «Бәріне құрбымды кінәлауды сұраймын» деп хат жазған. Тергеу барысында анықталғандай, бұл әрекеттің себебі қызғаныш негізінде пайда болған. Бейімдеу орталығында тұрып жатқан 26 және 22 жастағы құрбылар бір-бірінен ер адамды қызғанып, жанжалдасып қалған. Біріншісі осы әрекеттен соң өзіне және балаларына қол жұмсамақ болған», - деді ПД баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 26 жастағы әйел бірге тұратын ер адаммен 2018 жылы ажырасқан. Оған себеп – жігіт өзін екі баланың әкесі екенін мойындамаған. Бұдан кейін, әйел балаларын Қостанай қаласындағы «Дельфин» балалар үйіне тапсырады. Өзі Қойбағар ауылына көшіп кетіп, жұмысқа тұрған. 2019 жылдың қаңтарында ауданған көшіп барып, бұрынғы сүйіктісімен қайта қосылған. Бір айдан соң балалар үйінен сәбилерін алып кеткен. Бірақ ер адаммен көңілі қайта жараспай, балаларымен Қостанайға көшкен. 2019 жылғы тамыз-қазан айларында алдымен Қостанайдағы Аналар үйінде тұрған. Кейін әкімдік шешімімен Бейімдеу орталығынан бөлме берілген. «Ол балаларға арналған жәрдемақыны тұрақты алып келді, орталықта тегін тұрды. Сонымен қатар әкімдік әйелге үнемі көмек көрсетіп отырды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде әйелге психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Әйел 3 жасар қызына және 1,9 жасар ұлына пышақ жарақатын салған. Содан кейін өзінің білегін кескен. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 3-бөлігі бойынша («Адам өлтіруге оқталу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет ету фактісімен ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық ПД-дан.