Елордада 10 үй карантинге жабылды
Елордада 10 үй карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан қаласының Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелері квадратында 10 үй карантинге жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. «Сағат 12.30-дағы соңғы ақпаратқа сәйкес, аталған квадратта 10 үйде карантин енгізілді», - делінген хабарламада. Аталған аумақ толықтай қоршауға алынған. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер залалсыздандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 16 сәуір күнгі таңнан бері коронавирус 8 адамнан анықталды. Соңғы мәлімет бойынша, қалада індетке шалдыққандардың жалпы саны 305-ке жетті. Қазақстанда барлығы 1341 науқас тіркелді.