«Манчестер Сити» - АПЛ чемпионы (видео)
«Манчестер Сити» - АПЛ чемпионы (видео)
232
оқылды

Маусым бойы 98 ұпай жиған Пеп Гвардиолла шәкірттері чемпиондық титулды қорғап қалды

Ағылшындық «Манчестер Сити» клубы ағылшын премьер-лигасының 38 турында сырт алаңда «Брайтонды» 4:1 есебімен жеңіп, чемпиондыққа қол жеткізді.

Алғаш болып есепті алаң иелері сапындағы Глен Мюррей ашқан. Алайда одан соң қонақтар қатарынан Серхио Агуэро, Эмерик Лапорт, Рияд Марез және Илкай Гюндоған гол соғып, жеңісті жұлып алды.

Маусым бойы 98 ұпай жиған Пеп Гвардиолла шәкірттері чемпиондық титулды қорғап қалды. Ал соңғы сәтке дейін «Ситимен» иық тірестіріп келген «Ливерпуль» мәре сызығын небәрі екінші болып қиды. Олар «Вулверхэмптонмен» кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Қызылдар» қатарында Садио Мане дубль авторы атанды. Үздік төрттікті «Челси» мен «Тоттенхэм» толықтырды. Ал бесінші және алтыншы орын алған «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

https://youtu.be/uXIo93xcQKY