Ғалымдар коронавирус пандемиясына кінәліні тапты
Ғалымдар коронавирус пандемиясына кінәліні тапты
167
оқылды
Канадалық ғалымдар коронавирус жарқанаттардан адамға қаңғыбас иттер арқылы жұғуы мүмкін деген қорытынды шығарды. Бұл туралы Molecular Biology and Evolution журналында мақала жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ғалымдар аурудың қайдан шыққанын қайта жаңартты. Олардың зерттеуіне қарағанда, иттер індет жұқтырған жарқанаттардың етін жеген болуы мүмкін. Содан кейін олардың ішегінде вирус эволюциясы болып, адамның иммундық жауабынан қашуды үйренген. Уақыт өте келе вирус адамға жұққан.
Мамандар бүгінде белгілі бетакоронавирустың 1252 толық геномын, сондай-ақ иттерді инфекциялық ауруға шалдықтырған ит коронавирусының (CCoVs) геномдарын зерттеген. ДДҰ соңғы деректеріне қарасақ, әлемде 1,9 миллион адам коронавируспен ауырған. 123 мыңнан астам адам қайтыс болды