Еуропада басталған жаңа челлендждің түрін қазақстандықтар да жаппай таратып жатыр. Instagram арқылы бір-біріне жолданған карантиндік флешмоб #pillowchallenge деген хэштегпен әлемді шарлап кетті. Оны алғаш болып Швеция тұрғыны, Фиро есімді қыз бастаған. Жастықты белдікпен байлап кеудесін жапқан жартылай жалаңаш фотолар бар-жоғы бірнеше күнде пабликтерді толтырды. Вирустық суреттер телевизия, спорт, кино және эстрада жұлдыздарының да парақшаларында да қаптап кетті, - деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жастықты кеудесіне байлағанда әдемі көйлек шығатынын көрсеткісі келген қазақстандық танымал адамдар арасында әнші Луина, актриса Алтынай Жолдыбаева бой көрсетті.
«Қазіргі таңда Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасынының қызметкерлері қызметтік тексеруді бастап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша бұл отбасылық сурет. Өзінің отбасы арасында тараған. Қазіргі таңда тексеру нәтижесінде шешім қабылданады деп ойлаймын», - дейді Салтанат Әзірбек.Айта кету керек, әлемде, соның ішінде Қазақстанда да төтенше жағдай кезеңінде уақытты тиімді өткізу үшін түрлі флешмобтар мен челлендж түрлері пайда болды. Кітап оқу, спорт жаттығуларын жасау, ән салу сияқты бастамалармен қатар, шашты алып тастау челленджі де жаппай қолдау тапты. Соңғысын көпшілік сулулық салондарының жұмысы тоқтағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүрміз деп түсіндіреді.