Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы білім беру мекемелерінің қай уақыттан бастап жұмысқа кірісетіні туралы айтты. Оның айтуынша, карантиннен кейін қаланың әлеуметтік саласы кезең-кезеңімен қалпына келтірілетін болады. Осылайша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі жұмысты мамыр айының ортасынан бастайды. Міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталуы тиіс. «Орта білім беру жүйесі төртінші тоқсанды қашықтан оқумен аяқтауға дайындалуда. Жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрлігінің алгоритмі бойынша оқытылатын болады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.