Тегін азық-түлік беретін дүкен пайда болды
Тегін азық-түлік беретін дүкен пайда болды
2,239
оқылды
Жезқазған қаласындағы дүкендердің бірінде азық-түлікті тегін тарататын қайырымдылық сөресі пайда болды. Кез келген адам азық-түлік сатып алып, қайырымдылық сөресіне қойып кетеді. Ол заттарды мұқтаж жандар тегін алады. Акцияны қала тұрғындары іліп әкетті. Бұл сөреден азық-түлік арылған емес. Акцияны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оны қаладағы полиция қызметкерлері де қолдады. – Сөренің толығуы мен босатылуын ешкім қадағаламайды. Біз акция «Мүмкіндігіңіз болса көмектесіңіз, мұқтаж болсаңыз – алыңыз!» атты қағидатты ұстанамыз, – дейді Ізтілеу Ізбасар.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.