Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады (видео)
Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады (видео)
229
оқылды
Қарағанды облысында МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «16 сәуірде Қарағанда қаласының маңында әскери кезекшілікке дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР Әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады»,-делінген хабарламада. Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шықты. Әскери ұшқыштар ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң ұшақты далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, ұшақтан секіріп кеткен. Ұшқыштар дін аман. Қорғаныс министрінің бұйрығымен әуе апатының себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына Қазақстанның әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды жетті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Қарағанды облысында МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ⠀ «16 сәуірде Қарағанда қаласының маңында әскери кезекшілікке дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР Әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады»,-делінген хабарламада. ⠀ Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шықты. Әскери ұшқыштар ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң ұшақты далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, ұшақтан секіріп кеткен. Ұшқыштар дін аман. ⠀ Қорғаныс министрінің бұйрығымен әуе апатының себеп-салдарын анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына Қазақстанның әскери әуе күштерінің іздеу-құтқару отряды жетті.

Публикация от Айқын (@aiqyn.kz)