Нұр-Сұлтанда карантинге қоршауға алынған аумақта 200-ден астам адам ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді
Нұр-Сұлтанда карантинге қоршауға алынған аумақта 200-ден астам адам ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді
© Сурет Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен
177
оқылды
200 - ден астам адам Абылай хан - Рысқұлбеков — Мүсірепов – Мұстафин көшелерінің қиылысында карантинге қоршауға алынған аумақта ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер қатысты. Карантиндік аумақ толығымен қамтылды, дезинфекция жұмыстары жалғасады. [caption id="attachment_36269" align="alignnone" width="1280"] width= © Сурет Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен[/caption] Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепова көшесі 4, 7, 7/1, Рысқұлбекова көшесі 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафина көшесі 21, 21/5. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Периметр бойынша қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. [caption id="attachment_36271" align="alignnone" width="1280"] width= © Сурет Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен[/caption] Елордада дезинфекция жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. 2800-ден астам тұрғын үй үшінші рет дезинфекциядан өтіп жатыр. Күн сайын өңдеу жұмыстарына шамамен 500 адам шығады. Дезинфекциялық ерітінділермен қаланың барлық базарлары, медициналық мекемелері, сауда орталықтары, супермаркеттер, өткізу-бақылау бекеттері және басқа да адам көп жиналатын орындар өңделуде.