15 және 16 Сәуірде КВИ жұқтырған 34 науқас тіркелді. бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 4 адам бірнеше күн бойы пневмонияға тексеріліп стационарда жатқан пациенттер. Бір науқас экспресс-тестілеу арқылы КВИ жұқтыруға мониторинг жүргізу барысында анықталды. Тест нәтижесінен кейін науқас әрі қарай тексеру үшін провизорлық стационарға жатқызылып, оның КВИ жұқтырғаны расталған. 11 адам науқастармен жақын байланыстаболған адамдар-отбасы мүшелері, әріптестер. Бұған дейін бұл пациенттер оқшауланып, тексерілді және инфекцияның расталуына байланысты ауруханаға жатқызылды. "Шарапат"әлеуметтік қамсыздандыру орталығының қызметкерлері мен қонақтарын тексеру арқылы 18 науқас анықталды. Вирус жұқтырғаны анықталған барлық адамдар диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес емделуде.