Тұрлыханов #bizbirgemiz жобасын қолдады
Тұрлыханов #bizbirgemiz жобасын қолдады
143
оқылды
Спорт қайраткері, белгілі кәсіпкер Дәулет Тұрлыханов #bizbirgemiz жобасын қолдап, жерлестеріне, Шығыс Қазақстан облысының аудандарына 80 тонна азық-түлік жіберді. Шығыс өңіріндегі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарындағы көмекке мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек жасалады. Ол күнделікті тұрмысқа қажет ұн, қант, күріш, май секілді тауарлардан тұратын жалпы салмағы 80 тонна азық-түлікті 7 жүк автокөліктеріне тиеп, жөнелтті.