Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Олардың үшеуі 2000 жылы, екеуі 2001 жылы туған. Бәрі бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан. Жалпы 16 Сәуірде Covid-19 жұқтырған 398 науқас тіркелген. Алты пациент жазылып шықты. Олардың төртеуі – әйел, екеуі – ер адам. Жазылып шыққандардың төртеуі шетелден ұшып келген, біреуі – науқаспен байланыста болған азамат. Және біреуі – Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медициналық қызметкері. Барлығы 67 науқас коронавирусты инфекциядан емделіп шықты. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 індетінен Алматы облысының тұрғынын қосқанда 329 пациент емделіп жатыр. Оның ішінде 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 - ауыр, 50 - ауырлығы орташа, 273 - қанағаттанарлық. Провизорлық госпитальдарда 368 пациент бар, оның ішінде 7 бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде-7288 адам.